Иранның рухани жетекшісі Израиль мен АҚШ-ты жеңгенін мәлімдеді

ТЕҺРАН. 26 маусым. Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи Израильмен және АҚШ-пен соғыста парсы әскерлерінің жеңіске жеткенін жеткізді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Иранның жоғарғы лидері Әли Хаменеи соңғы нүктесін АҚШ қойып берген, Израильмен 12 күнге созылған соғыс аяқталғаннан кейін бірінші рет халыққа үндеу арнады. «Барлық дүрбелеңге, олардың барлық мәлімдемелеріне қарамастан, сионистік режим іс жүзінде жеңіліске ұшырап, аяққа тапталды», – деді ол. Хаменеидің айтуынша, Американың араласуы ғана Израильді толығымен жойылып кетуден сақтап қалған.
Аятоллаекең сондай-ақ Иранның АҚШ-ты да «жеңіп шыққанын» атап өтті.
«Америка режимі сионистік режимнің өздерінсіз жер бетінен жоқ болып кететінін түсініп, тікелей соғысқа ат қосты. Алайда ол ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмады. Бұл жерде ислам республикасы Америкаға қатты соққымен жауап беріп, жеңіске жетті» деді Хаменеи.
Ол Иранға берілуді ұсынған АҚШ президенті Дональд Трампты жеке сынап өтті. «Әңгіме енді уранды байыту туралы емес, тізе бүгу жөнінде қозғалды. Бұл – Америка президентінің аузына шақ келмейтін сөздер», – деп мәлімдеді Хаменеи.
Аятолла Иранның ешқашан берілмейтініне сендірді және 13 маусымда бомбалау басталғаннан кейін 90 миллион халықтың «елді қорғау үшін тік тұрып, Қарулы күштерді қолдағаны» дәлел болды. Бұған дейін Иран президенті Масуд Пезешкян «үлкен жеңіс» туралы жариялаған болатын. Өз кезегінде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху оның армиясы «Арыстан көтерілу» операциясының «барлық мақсаттарына» және «бұдан да көп» жеткенін айтты. Үкімет Израиль «үлкен тарихи жетістікке қол жеткізіп, өзін әлемдік державалармен теңестірді» деп қосты. Трамп Иранның ядролық нысандарының «толығымен жойылғанын» жариялады және оның Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткофф «Мақсат Ирандағы уран байытуды жою және Ислам Республикасының ядролық қару жасау қабілетін жою болды», деп нақтылады, Құрама Штаттар оған сәтті қол жеткізді.






