ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Сеул: КХДР Украинамен соғысу үшін Ресейге қосымша әскер жібереді

СЕУЛ. 26 маусым. КХДР Украинаға қарсы соғысу үшін Ресейге тағы солдаттарын аттандырғалы жатыр. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Шілде немесе тамыз айларында Солтүстік Корея Ресейге қосымша сарбаздарын жібереді, деп санайды Оңтүстік Кореяның барлау қызметі. Бұған дейін Ресей КХДР-дан «саперлар мен құрылысшылардың» келгенін хабарлаған болатын.

Солтүстік Корея Ресейдің Украинаға қарсы соғысына Мәскеу жағында қатысу үшін шілде немесе тамыз айларында Ресейге қосымша әскер жіберуі мүмкін. Оңтүстік Кореяның Yonhap ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 26 маусым, бейсенбі күні Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі (NIS) парламенттің барлау қызметтері жөніндегі комитетінің жабық брифингінде осындай мәліметтерді ұсынған.

Бұған дейін ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары Кремль қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгуға сілтеме жасап, Пхеньян Курск аймағына 5 мың әскери құрылысшы мен 1000 сапер жіберуді жоспарлап отырғанын жазған еді. «КХДР мемлекеттік істері төрағасы Ким Чен Ын Ресей аумағын миналардан тазарту үшін мұнда мың сапер, сондай-ақ басқыншылар қиратқан инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру үшін бес мың әскери құрылысшы жіберу туралы шешім қабылдады», деп хабарлайды «Gazeta.ru» интернет-басылымы Солтүстік Кореядан 17 маусымда ғана оралған Сергей Шойгудың сөзіне сілтеме жасап.

Сәуір айының соңында Ресей қарулы күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимов КХДР әскерилерінің Курск облысындағы әскери операцияларға қатысқанын алғаш рет растады.

Суретте: Курск облысы украиндардың шабуылы кезінде

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button