25 Тамыз, 11:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

АҚШ Ресеймен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру ниетінен бас тартты

16 Маусым 2025 20:46
- Жаңалықтар, Тіршілік
АҚШ Ресеймен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру ниетінен бас тартты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 16 маусым. АҚШ Ресеймен арадағы қарым-қатынасты бұрынғы қалпына келтіру жөнінде келіссөзді жалғастырудың қажеті жоқ деп шешті. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова дүйсенбі күні Мәскеу таяуда жариялаған Ресей мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынасты қалыпқа келтіру жөніндегі келіссөздердің келесі раунды өтпейтінін мәлімдеді.

«Уашингтон бір-бірінен өзара «тыжырынушылықтарды» жою және дипломатиялық миссиялар жұмысын қалыпқа келтіру мәселелерін талқылау үшін жоспарланған консультациялардан бас тартты», – деді Захарова.

«Олар алған үзіліс тым ұзақ болмайды деп үміттенеміз», – деп атап өтті ол.

Дональд Трамп әкімшілігі билікке келгеннен бері Ресей мен Америка өкілдері кем дегенде алты рет бетпе-бет кездескен. Оның біріншісі 18 ақпанда Эр-Риядта, екіншісі 27 ақпанда Ыстанбұлда өтті. Бір айдан кейін, 24 наурызда екі елдің делегациялары Сауд Арабиясының астанасында қайта кездесті.

Сәуір айының басында Ресейдің тікелей инвестиция қорының басшысы Кирилл Дмитриев келіссөздер жүргізу үшін Уашингтонға ұшып барса, бір аптадан кейін Санкт-Петербургке Трамптың арнайы өкілі Стивен Уиткофф келді және бір мезгілде дерлік, яғни 10 сәуірде Ыстанбұлда ресейлік және американдық дипломаттар қайтадан кездесті.

Өткен аптада Ресейдің АҚШ-тағы жаңа елшісі Александр Дарчиев консультациялардың жаңа раунды «таяу күндері Мәскеуде» өтетінін айтты. Ресей сыртқы істер министрлігі Уашингтонның келіссөздерден бас тартуының себебін нақтылаған жоқ.

Тікелей Ресей-АҚШ қарым-қатынастарына арналған келіссөздердің екі раунды (10 және 27 сәуір) іс жүзінде нәтижесіз аяқталды: олар Уашингтонға жаңа елші тағайындау және дипломатиялық өкілдіктер үшін банк қызметтерін бұғаттау туралы келісімге келді.

Басқа да маңызды мәселелер бойынша, «біз әлі ілгерілеуге қол жеткізе алмадық», – деп мойындады сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков 9 маусымда ТАСС агенттігіне берген сұхбатында. Атап айтқанда, АҚШ ресейлік дипломаттардың бұл елде еркін жүріп-тұруына тыйым салуды алып тастаудан (оларға дипломатиялық миссиялары айналасындағы 25 мильдік аумақөа дейін ғана барып тұруға рұқсат етілген), сондай-ақ кезінде Барак Обаманың әкімшілігі тәркілеп алып қойған дипломатиялық мүліктерді қайтарып беруден бас тартқан.

Таңбалар: Америкақарым-қатынасРесей

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist