25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстандық «классик» Азияның 2023 жылғы «алтынын» алды

30 Мамыр 2025 16:01
- Жаңалықтар, Сайыс
Қазақстандық «классик» Азияның 2023 жылғы «алтынын» алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 30 мамыр. Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Диас Қален допинг дауынан кейін Азияның 2023 жылғы чемпионы атағына қол жеткізді. Бұл туралы sportarena.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Астанада өтіп жатқан Қазақстан Кубогы турнирі кезінде маңызды оқиға орын алды. Жарыстың іріктеу кезеңіне қатысушы, жетісулық грек-рим күресінің өкілі Диас Қален республика федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановтың қолынан Азияның 2023 жылы өткен чемпионатының 82 келіге дейінгі салмағындағы алтын медалін алды. Бұған дейін бұл чемпиондық атақ пен алтын медаль қырғыз Акылбек Талантбековке тиесілі болып келген. Алайда Астана финалында біздің жерлесіміздің жолын байлаған ол допинг салдарынан төрт жылға спорттан шеттетіліп, аталмыш атақтарынан айырылып қалды. Сөйтіп, финалда одан жеңілген Диас Қален алтын медальге қол жеткізді.

Допинг қолдану арқылы жеңіске жеткен қырғыз палуанынан атақтың алынып қалғанын спорт жанкүйерлері «әділдіктің салтанат құруы» ретінде бағалап жатыр.

Айта кету керек, қазіргі күндері Астанада өтіп жатқан Қазақстан Кубогы жарысына Диас та келген еді. Турнирде 87 келіге дейінгі салмақта кілемге шыққан ол өзінің бірінші белдесуінде сайыстың басты үміткерінен ұтылып қалды.

Диас Қален 1997 жылы 30 қарашада Жетісу облысында туған. Ол – Азия чемпионатының 2022 жылғы күміс жүлдегері, 2023 жылғы Азия чемпионы. Екеуінде де 82 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. 2022 жылы 82 келіге дейінгі салмақта Исламиадаға қатысып, 7 орын алды. Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Таңбалар: Азия чемпионыДиас Қаленпалуан

Ұқсас мақалалар

Қажымұқан: даңқ пен дақпырт
Жаңалықтар

Қажымұқан: даңқ пен дақпырт

27.05.2025
Ержет Жарылқасын грек-рим күресінен Азия чемпионатында атанды
Жаңалықтар

Ержет Жарылқасын грек-рим күресінен Азия чемпионатында атанды

16.04.2024
Қазақ Азамат Дәулетбеков үшінші мәрте Азия чемпионы атағына қол жеткізді
Жаңалықтар

Қазақ Азамат Дәулетбеков үшінші мәрте Азия чемпионы атағына қол жеткізді

12.04.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist