КИЕВ. 30 мамыр. Өткен тәулік ішінде Ресейдің Украина жерінде соғысып жатқан армиясының 1140 сарбазы жер жастандырылды. Бұл туралы DonPress ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина Қарулы күштері өткен тәулікте РФ-ның басқыншылар армиясына қарсы соғыста жаудың 1140 солдатының көзін жойып, 185 бірлік қару-жарақ кешендерінің күлін көкке ұшырды.
Кең ауқымды соғыс басталғалы бері Ресей оккупантттары мынадай шығынға ұшырады:
- жеке құрам – 986 080 (+1140) адам,
- танктер – 10865 (+1);
- жауынгерлік бронды машиналар – 22647 (+2);
- артиллериялық жүйелер – 28421 (+35);
- дүркін отты реактивті жүйе – 1398 (+1);
- әуе шабуылынан қорғаныыс құралдары – 1172 (+1);
- ұшақтар – 372 (+0);
- тікұшақтар – 336 (+0);
- дрондар – 38070 (+71);
- қанатты зымырандар – 3265 (+0);
- кемелер/катерлер – 28 (+0);
- сүңгуір қайықтар – 1 (+0);
- автомобильдер мен автоцистерналар – 50089 (+74);
- арнайы техникалар – 3902 (+0).
USD




