Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украина армиясы енді алысқа атылатын қаруларды пайдалана алады

БЕРЛИН. 26 мамыр. Германия канцлері Фридрих Мерц Украинаға батыс елдері берген қарулардың атылу қашықтығын шектеудің алынып тасталғанын айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Берлин, Лондон, Париж және Уашингтон Киевке жеткізілетін қару-жарақтардың атылу қашықтығын енді шектемейді», деп мәлімдеді Фридрих Мерц. Ол мұны «Украина үшін шешуші фактор» деп атады.

«Германия, Ұлыбритания, Франция және Америка Құрама Штаттары Украинаға жеткізілетін қару-жарақ ауқымына қойылған шектеулерді алып тастады», – деп хабарлады 26 мамыр, дүйсенбі күні Германия канцлері. «Украинаға жеткізілетін қару-жарақ ауқымына бұдан былай ешқандай шектеулер жоқ, оны бізден бөлек, британдықтар да, француздар да, америкалықтар да оны алып тастады», – деді ол WDR телекомпаниясы және радио форумында.

Мерцтің айтуынша, Украина ендігі жерде өзін өзі еркін қорғай алады, соның ішінде Ресей аумағындағы әскери нысандарға соққы беру арқылы позициясын нығайта түседі. «Соңғы уақытқа дейін, өте-мөте аз әрекеттерді қоспағанда, ол мұны істей алмады. Енді бұған рұқсат етілді», – деді Германия үкіметінің басшысы. Ол мұның Украинаға соғысты жүргізу сапасын арттыруда «шешуші рөл» атқаратынын атап өтті.

Мерц Германия Украинаны қолдауды жалғастыру үшін «қолдан келгеннің бәрін жасайтынын» растады.

Бұдан кейін Украина Қарулы күштері Ресейдің бірқатар ірі қалаларын алыстан атқылай алатын болады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button