Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Лондон: Украинаға 30-дан астам мемлекет әскер жіберуге дайын отыр

ЛОНДОН. 18 наурыз. Ұлыбритания билігі Украинаға бітімгершілік күштерін жіберуге әлемнің 30 елі дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Премьер-министрдің өкілі айтарлықтай көп елдің өз әскерлерін бітімгершілік күштері қатарына қосатынын, тағы біраз елдің бұған басқалай жолдармен өз үлестерін қосатынын жеткізді.

«30-дан астам мемлекет Украинадағы бітімгершілік миссиясына қатысу үшін өз әскери қызметкерлерін жіберуге дайын екендіктерін білдірді», – деді Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің өкілі.

«Мұндағы контингенттің қатысу ауқымы мен тәсілі әртүрлі болады, бірақ бұл айтарлықтай күшке айналады, көпшілігі едәуір қуатты әскер қатарын жібереді, басқалары басқа да жолдармен үлес қосады», – деді британдық шенеунік.

Батыстың 26 ​​елінің басшылары, ЕО-ның екі жоғары лауазымды шенеунігі және НАТО Бас хатшысы Марк Рютте 15 наурызда «қалаулылар коалициясына» ықтимал қатысушылардың виртуалды кездесуін өткізді. Ұлыбритания мен Франция бітімгершілік күштеріне қосылуға келісім беріп қойған. Украина президенті Володимир Зеленський бұған дейін Ресеймен 30 күндік атысты тоқтату туралы келісімге келуге келіскенін айтқан.

Ресей Украинаға НАТО сарбаздарын орналастыруға келіспейтінін бірнеше рет мәлімдеген. «Мәскеу НАТО мен ЕО елдерінен бітімгершілік контингентінің Украинаға атысты тоқтатқан жағдайда жіберу мүмкіндігін талқылауды «орынсыз және қисынсыз» деп санайды», – деп мәлімдеді РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко «Известия» газетіне берген сұхбатында.

Ресей тарапынан оқ жаудырылған жағдайда бітімгершілік контингентіне оқпен жауап қайтаруға рұқсат беріле ме, деген сұраққа Стармердің өкілі: «Ресей Украинаға әскер жіберген кезде ешкімнен рұқсат сұрамағанын есте ұстаған жөн» деп жауап берді. «Біз жедел жоспарлау кеңестерін өткізіп жатырмыз», – деп түсіндірді ол.

Шенеунік АҚШ-тың 20 наурызда ықтимал коалиция елдерінің қорғаныс ведомстволары басшыларының талқылауына қатысатын-қатыспайтынын әлі білмейтінін айтты. «Ұлыбритания біздің америкалық әріптестерімізбен тұрақты түрде келіссөздер жүргізуде» деді ол.

Кир Стармер коалицияны қолдау туралы кез келген ұсынысты құптайтынын атап өтті. «Бірқатар елдер логистикалық көмек немесе барлау ақпаратын бере алады», деп хабарлайды AFP. Мемлекеттер сондай-ақ өз аэродромдарын пайдалануға рұқсат береді немесе бітімгершілік күштерді тұрғын үймен қамтамасыз ете алады.

Британдық The Times газеті 16 наурызда Ұлыбритания министрлер кабинеті басшысының Украинаға орналастырылатын әскердің шексіз мерзімге тұра беруіне міндеттеме алуға дайын екенін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, 20 наурызда Ресей Федерациясымен атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілген жағдайда Украинаға бітімгершілік күштерін орналастыру мүмкіндігінің егжей-тегжейлері «майда-шүйде» талқыланатын болады.

The Times Украинаға әскер жіберетін елдердің арасында Ұлыбритания, Франция, Түркия, Канада және Аустралия бар екенін атап өтті. «Украинаға 30 мыңға дейін әскери қызметкер жіберіледі деп күтілуде, ал қалған коалиция елдері «қару-жарақпен және логистикамен» көмектеседі», – деп жазды басылым.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button