25 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ердоған Украинаның тұтастығы сақталуын қолдайтынын айтты

18 Ақпан 2025 23:06
- Жаңалықтар, Қайнар
Ердоған Украинаның тұтастығы сақталуын қолдайтынын айтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АНКАРА. 18 ақпан. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Украинаның соғыстан кейін өзінің аумақтық тұтастығын сақтап қалуы керектігін баян етті. Бұл туралы Anadolu ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Түрік лидері АҚШ Украинаға территориясының бір бөлігінен бас тартуды ұсынғанына қарамастан, оның аумақтық тұтастығының сақталып қалғанын қолдайтынын мәлімдеді.

Түркия Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталатын Киев, Мәскеу және Уашингтон арасындағы ықтимал келіссөздер үшін «идеалды алаң» болуға дайын. Президент Реджеп Тайып Ердоған Анкараға мемлекеттік сапармен келген Украина президенті Володимир Зеленьскиймен бірге өткізген баспасөз мәслихатында осылай деді. Ол османлы жұрты үшін Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін құрметтеу «маңызды шарт» болып табылатынын ерекше атап өтті.

Түркия президенті Володимир Зеленьскиймен кездесу кезінде Анкараның тұрақты бейбітшілік орнатуға әкелетін келіссөздерді ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін тәкпір етті. «Көптеген жазықсыз адамдардың өмірін қиған және орасан зор қырғынға ұшыратқан соғыс дәл қазір аяқталуы керек», – деді Ердоған. Ол бұл қақтығыста жеңімпаздың болмайтынын, бүкіл әлем оның аяқталуын асыға күтіп отырғанын баяндады.

Бұған дейін АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктері Украинаның соғысты тоқтату әрекеттерінің бір бөлігі ретінде ықтимал аумақтық жеңілдіктерге қатысты бірқатар мәлімдемелер жасаған болатын. Мемлекеттік хатшы Марко Рубио әділ және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін барлық тараптардың ымыраға келулері қажеттігін айта келіп, келіссөздердің аумақтық дауларды және Украинаның қауіпсіздігі кепілдіктерін қамтитынын атады. Брюссельдегі НАТО штаб-пәтеріне барған АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Украинаға Ресей басып алған барлық аумақтарды қайтару жоспарынан және НАТО-ға мүшелікке өтуге ұмтылудан бас тартуға кеңес берді.

18 ақпанда Сауд Арабиясының астанасы Әр-Риадта Ресей мен АҚШ делегациялары арасында Украинадағы кең ауқымды соғыс басталғаннан бергі бірінші рет келіссөз жүргізілді. Қатысушылар соғысты тоқтату және екіжақты қарым-қатынасты жақсарту мәселелерін талқылауды жалғастыруға келісті. Алайда, Bloomberg хабарлағандай, Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Володимир Зеленьскийдің келіссөздер процесінде болғанын қалағанына қарамастан, Мәскеу де, Уашингтон да Украина өкілдерін бұл кездесуде көргісі келмепті.

Аймақтық тур аясында БАӘ мен Түркияға барған Украина президенті Володимир Зеленьский Әр-Риадта өткен бүгінгі келіссөздің қорытындысын естігеннен кейін бұрын жоспарланған Сауд Арабиясына бару сапарынан бас тартты. Ол елінің соғысты тоқтатуға барын салып жатқанын, бірақ өздерінің сыртынан Украинаға қатысты әлдеқандай шешімдердің қабылдануымен ешқашан келіспейтінін, келіссөздің тек қана әділ жағдайда өтуі керек екенін атап өтті. Зеленьскийдің айтуынша, АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер туралы ақпарат өзіне ресми арналар емес, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткен.

Таңбалар: ЕрдоғанЗеленськийтұтастықУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Зеленський АҚШ-тан Украина қыста аман қалу үшін Patriot-тың 5%-ын сатуды сұрады
Жаңалықтар

Зеленський АҚШ-тан Украина қыста аман қалу үшін Patriot-тың 5%-ын сатуды сұрады

13.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist