Зеленьский АҚШ-Ресей келіссөзі шешімін әсте мойындамақ емес

КИЕВ. 16 ақпан. Украина президенті Володимир Зеленьский Саудияда Украинадағы соғысқа қатысты АҚШ пен Ресейдің арасында өтетін келіссөздің нәтижелеріне еш иілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Киев Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта 18 ақпанға өтеді деп жобаланып отырған, Украина өкілдері шақырылмаған Украина жөніндегі сепаратистік келіссөздердің қандайда бір нәтижесін мойындайын деп отырған жоқ. Мұны Володимир Зеленьский дүйсенбіде өзі сапармен жүрген Біріккен Араб Әмірліктеріндегі видеоконференция барысында мәлімдеді.
«Біз өзіміздің қатысуымызсыз өткен Украинаға қатысты қандайда бір бөлек келісімді мойындай алмаймыз», – деді ол.
Зеленьский Киевтің бұл сепаратистік келіссөздер жайында «ештеңе білмейтінін» және оның қатысуынсыз өткен келіссөздің «ешқандай да нәтижесі» болмайтынын атап өтті.
Президенттің айтуынша, ол Саудиядағы ресми тұлғалардан осы аптада өтетін Ресей-Америка кезіндегі келіссөздердің егжей-тегжейлерін сұрап алуды жоспарлап отыр. Зеленьскийдің баспасөз хатшысына сілтеме жасаған AFP 19 ақпан, сәрсенбі күні оның Әр-Риадқа баратынын баяндады. The Guardian газеті де украин лидерінің алдағы сәрсенбі күні Саудия Арабиясында болатынын жазды. Бірақ ол мұнда ресейлік немесе америкалық шенеуніктер тобымен кездесуді межелеп отырған жоқ. Ал Sky News Зеленьскийдің Саудияға сейсенбі күні кешке келіп қоятынын атап өтті.