25 Тамыз, 20:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған бұзақыға қатысты сот үкімі шықты

26 Сәуір 2024 23:02
- Жаңалықтар, Құқық
Алматыда автобус жүргізушісін ұрған бұзақыға қатысты сот үкімі шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 26 сәуір. Алматыда қалалық соттың үкімімен автобус айдап келе жатқан жүргізушісін ұрып, 3 адамның өліміне себепші болған қылмыскер 8 жылға сотталды. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бүгін оңтүстік мегаполисте 3 адамның өліміне әкеп соққан автобус апатына қатысты сот отырысы өзінің мәресіне жетті.

«Күдікті Дархан Ахмеджанов ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігімен, 351-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылсын. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігімен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабы 3-бөлігімен 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Қылмыстық кодексінің 58-бабы 2-бөлігіне сәйкес Дархан Ахмеджановқа түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жазаны өтеу қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде тағайындалсын», – деді судья.

Жәбірленушілердің талап-арыздары ішінара қанағаттандырылды. Жәбірленуші Құсайынованың пайдасына 6 миллион 397 мың теңге материалдық шығын, 5 миллион теңге моральдық шығын, жәбірленуші Байдуәлиевтің пайдасына 10 миллион теңге моральдық шығын өндіріледі.

Сотта жүргізуші Ермек Шөкебаева жәбірленуші деп танылды. Шөкебаева мен «Думан Транс» ЖШС-ден моральдық өтемақы өндіру туралы талап қанағаттандырылмады.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы желтоқсанда Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен еді. Соның салдарынан оқиға орнында 3 адам мерт болды.

Кейін қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Бұл дерек негізінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу де басталды.

Автобус жүргізушісі кешірім сұрады.

«Мен осы қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан марқұмдардың туыстарына көңіл айтамын. Менің тарапымнан ешқандай әдейі осылай істейін деген ниет болған жоқ. Мұндайды жауыма да тілемеспін. Өзімді кінәлі санамаймын. Жолаушы есімнен танып қалғанша ұрды. Ауруханада жатқанымда тергеуші келді. Біреуі – ер, екіншісі – әйел. «Сіз зардап шегушісіз. Кінәңіз жоқ» деп айтқан. Енді жазылып шыққанда ауыр бап бойынша айыптап жатқанын білдім. Өзім үй жалдап тұрамын. Екі балам бар. Солар үшін еңбек етіп келемін. Менің жұмысыма ешкім шағымданбаған. Маған осындай қылмыстық кодекс бойынша не үшін ауыр айып тағып жатқанын түсінбеймін. Егер соққы алмағанымда, мұндай жол апатына жол бермес едім. Әділдік болады деп үміттенемін», – дейді Ермек Шөкебаева.

Сонымен қатар, Алматыдағы автобус апатынан қаза тапқандардың жақындары бұған дейін де өтемақы талап етті.

Автобус апатынан қаза тапқан ерлі-зайыпты Талап Қосымов пен Гүлжахан Жетпісбаеваның туысы Сүйінбай Оңалбекұлы парк өкілдерінің бір аптадан кейін ғана көңіл айтқанын жеткізді. Олардың айтуынша, тіпті сол кезде де көмек көрсету туралы жақ ашпаған. Ал бұл отбасының артында төрт баласы қалған. Тұрып жатқан баспаналары да несиеге алынған екен.

«Банктен 17 миллион, қалғанын өздері ауылдағы үйлері мен көліктерін сатып пәтер алды. Сол банктегі ақшасы жабылса, балаларына баспана қалар еді. Енді автобус паркі жағынан үміт күтіп отырмыз. Үмітімізді ақтайтын шығар деген ойдамыз», – деді Сүйінбай Оңалбекұлы.

Таңбалар: автобусАлматысот үкімі

Ұқсас мақалалар

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады
Әлеумет

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады

22.08.2026
Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық
Жаңалықтар

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

21.08.2026
Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті
Әлеумет

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

20.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist