17 Қазан, 21:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Израиль Украинаға Ресей қару-жарақтарын беретін болып отыр

26 Қаңтар 2025 21:33
- Жаңалықтар, Жаһан
Израиль Украинаға Ресей қару-жарақтарын беретін болып отыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТЕЛЬ-АВИВ. 26 қаңтар. Тель-Авив Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) тартып алған ресейлік қару-жарақтарды Украинаға жөнелте бастайды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Әңгіме Таяу Шығыстағы әскери операциялар кезінде Израиль қорғаныс армиясы басып алған ресейлік қару-жарақтар жайында болып отыр. Ондай қарулар мұндағы террорлық ұйымдар арсеналында өте көп. Мұның жайын Еуропадағы және әлемнің басқа аймақтарындағы әскери қақтығыстарды талдауға маманданған OSINTdefender мониторинг орталығы жеткізді.

Орталықтың мәліметінше, АҚШ-тың әскери-әуе күштеріне тиесілі америкалық бірнеше С-17 әскери-көлік ұшағы Германиядан Израильге, одан кейін Польшаның Жешов қаласына ұшып барған. Бұл қала АҚШ пен НАТО елдерінің Украинаға әскери көмек көрсететін негізгі логистикалық орталығы болып табылады.

Әзірге аталмыш ұшақтардың нақты нені тасымалдап апарғандары белгісіз. Алайда Израиль бұған дейін Таяу Шығыста қолға түскен ресейлік қаруларды Украинаға беру мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген. Бұлардың арасында танктер, танкке қарсы басқарылатын зымырандар және оқ-дәрілер болулары мүмкін. Оның қатарында сондай-ақ Тель-Авив Киевке беруді жоспарластырып отырған Patriot зенит-ракета кешені де болса керек.

2024 жылдың күзінде Израиль әскерилері Ливанның оңтүстігінен «Хезболла» содырлар тобының жерасты базасын тапты. Нысан «Радван» элиталық бөлімшесінің басқару орталығы және әртүрлі қарулардың қоймасы ретінде қызмет еткен. Олардың арасынан зымырандар, миномет снарядтары, Калашников автоматтары, оқ-дәрілер, бронды жилеттер мен басқа да көптеген нәрселер табылды.

Ал 2025 жылғы 21 қаңтарда Украинаның Израильдегі елшілігі Тель-Авивтің ЦАХАЛ басып алған қаруларды Киевке беруді ұсынып отырғанын хабарлады. Украина тарапы мұны өте маңызды қадам деп есептеп, мәселенің оңды шешілетініне үміт артатын жеткізді. Елшілік өз мәлімдемесінде бұл бастама Израильдің Киев пен Тель-Авив алдында тұрған ортақ қатерді түсінгендігін көрсететінін атап өтті.

Таңбалар: Израильқару-жарақРесейУкраина

Ұқсас мақалалар

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр
Әлеумет

ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist