Песков Батыс Украинаға Ресейді өз зымырандарымен соғуға рұқсат етеді дейді
МӘСКЕУ. 11 қыркүйек. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Киевке батыс ракеталарымен РФ-ны соққылауға рұқсат етіледі деп есептейді. Бұл туралы ТАСС ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Батыс, жағдайға қарағанда, Киевке алысқа атылатын ракеталармен Ресей территориясына соққы беруге рұқсат ету жөнінде шешім қабылдап та қойған сияқты. БАҚ-тарда тек осы шешімді санада қалыптастыру процесі жүріп жатса керек», – деді РФ президентінің баспасөз хатшысы бүгін жүргізілген брифингте.
«Десек те, әрине, бұл шешімдер қабылданып та қойғанға ұқсайды, – деген пайым білдірді Кремльдің өкілі осы мәселе бойынша АҚШ пен Ұлыбритания арасында жүріп жатқан пікірталас жайында мәтбұғатқа деректер бере тұрып. – Мұнда шындықтың үлкен үлесі бар екенін пайымдауға болады».
«Қазіргі таңда БАҚ-тарда қабылданып қойылған сол шешімді санада қалыптастыру жөнінде ақпараттық науқан жүріп жатыр», – деді Песков.
The Times газеті Кивке келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми енді Украинаға Ресей территориясына соққы беру үшін алысқа атылатын ракеталарды пайдалануға рұқсат ету мәселесін талқылауды жоспарлап отыр. Bloomberg Уашингтонның мұндайға рұқсат беру жөнінде жоспары бар екенін хабарлап жазды. АҚШ-тың осыған байланысты позициясы қайта қаралатынын сыртқы барлау қызметінің директоры Билл Бернс баяндады.