Асыраған анасы үшін қайғырған Жәнібектің жазбасы жұртты тебірентті
МАДРИД. 20 шілде. Қазақстанға туған анасын іздеп келіп жүрген Жәнібек өзін асырап алған анасының қайғысына қатты қайғыратынын білдірді. Бұл туралы Ulysmedia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Асырап алған анасынан айырылып қалған Жәнібек өзінің қазіргі көңіл күйі мен жағдайы жайлы айтты. Ол әлеуметтік желіде сонымен бірге жақын арада туған анасын табатынына үміттенетінін жеткізді.
«Менің қымбатты достарым. Менің туған Отанымдағы достарым. Менің асырап алған анам қайтыс болды. Менің көңіл күйім дұрысталған уақытта, соңғы бірнеше айда не болғанын баяндайтын кеңейтілген бейнеролик түсіремін. Ал әзірге… мені асырап алған анам Валеридің көкте мәңгі жанатын жұлдыздай мәңгі өмірі басталды деп үміттенемін. Сіздердің қолдауларыңызбен мен жақында туған анамды табамын деп үміттенемін…» – деді ол әлеуметтік желіде.
Еске сала кетейік, бұдан алдын Жәнібекті асырап алған анасы көз жұмғанын айтқан еді. Бұл оқиға оған өте ауыр тиді.
Тағы бір атап өтетін жайт, жақында оның туған анасы қазіргі кездері мектепте мұғалім болып істеп жүргені аныұталғаны хақында да ақпар тараған болатын. Мұның бәрі қазір Испания жерінде тұрып жатқан бельгиялық қазақ баласының діттеген мақсатына жетуге жақын қалғанын аңғартады.