Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

УЕФА Еуро-2024-тің символдық құрамасы құрамын жариялады

ПАРИЖ. 16 шілде. Еуропа футбол ассоциациялары одағы (УЕФА) Еуропа чемпионаты аяқталғаннан кейін оның үздік футболшыларын атады. Бұл туралы «Чемпионат.ru» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Символдық құрама сапына мына спортшылар енді:

Қақпашы: Мик Меньян (Франция);

Қорғаушылар: Кайл Уолкер (Англия), Вильям Салиба (Франция), Мануэль Аканджи (Швейцария), Марк Кукурелья (Испания);

Жартылай қорғаушылар: Родри, Даниэль Ольмо, Фабиан Руис (бәрі де – Испания).

Шабуылшылар: Ламин Ямаль, Нико Уильямс (екеуі де – Испания), Джамал Мусиала (Германия).

Еске сала кетейік, чемпионаттың финалдық матчы 14 шілде күні ойналды. Ол Берлиндегі «Олимпиаштадион» стадионында өтті. Кездесуге француз Франсуа Летексье бас қазылық етті. Ойын 2:1 есебімен испандардың пайдасына шешілді.

Осы арқылы Испания құрамасы төртінші мәрте құрлық чемпионы атанды. Ол 1964, 1984, 2008, 2012 жылдары да құрлық чемпионы атанған еді.

Чемпионаттан кейін Англия құрамасының бас жаттықтырушысы Гарет Саутгейт өз еркімен отставкаға кетті.

Ал Франция құрамасы мен Париждің «Сент-Жермен» жасағының форварды Килиан Мбаппе Мадридтің «Реал» клубымен келісімшартқа қол қойып, команда құрамына қабылданды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button