Ресей телеарналары Париждегі Олимпиялық ойындарды көрсетпейді
МӘСКЕУ. 13 шілде. Ресейдің бірде-бір телекомпаниясы Парижде өтетін Олимпиялық ойындардан транцляция жүргізбейтін болып шешім қабылдады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Sports.ru ресурсының жазуынша, Ресейде соңғы 40 жылдан бері бірінші рет Олимпиада бағдарламасы аясындағы ойындар көрсетілмейтін болып отыр, арналар бұл спорттық ірі халықаралық жарысты көрсетуден бас тартқан.
«Қазіргі жағдайда Олимпиаданы Бірінші және «Ресей-1» телеарналарында Ресей туынсыз және әнұранынсыз көрсету мүмкін емес деген саяси шешім бұрыннан қабылданған», – деді басылымның сұхбатшысы.
Деректерге сай, соңғы сәтке дейін «Матч ТВ» телеарнасында Ойындарды трансляциялау мүмкіндігі талқыланған, бірақ тек ресейліктер өнер көрсететін спорт түрлерін ғана көрсету мәселесі сөз етілген.
Соңғы рет мұндай ахуал бұдан 40 жыл бұрын болған, КСРО Лос-Анджелестегі 1984 жылғы Жазғы Олимпиялық ойындарға бойкот жариялады.
Бұған дейін ресейлік шенеуніктер Париждегі Ойындарға баруды жоспарлап отырған Ресей спортшыларын қатты сынға алған. Ресей Олимпиялық комитетінің басшысы Станислав Поздняков осыған орай өз елінің теннисшілерін «иноагенттер командасы» деп атады және олар «көбінесе шетелде тұрады, сол жерде ақша табады, сонымен бірге олар «өздері үшін ойнайды», өз елінің саясатын және өздерінің саясатын айыптайды» дегенді айтты.
Халықаралық Олимпиялық комитет (ХОК) мәліметтеріне сәйкес, 21 ресейлік спортшы Олимпиадаға қатысуға шақыру алған.