Белгород тұрғындары Путиннің шұғыл доғарысқа кетуін талап етті
БЕЛГОРОД. 7 шілде. Ресейдің Белгород облысының тұрғындары видеоүндеу жазып, диктатор Владимир Путиннен доғарысқа кетуді талап етті. Бұл туралы «Украина 365» telegram-каналына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Облыс халқы РФ президентін сонымен қатар қылмыстық жауапқа тартуды да ұсынады.
Соңғы кездері толық дәрежесінде ұрыс қимылдары аймағына айналған Белгород өңірінің жұрты арасында наразылық барған сайын күшейіп келеді. Олардың ашынғандары сондай, өздерінің репрессия машинасының доңғалағына түсу тәуекелдері өте жоғары екеніне қарамастан, видеоүндеуде узурпатор мемлекет басшысын доғарысқа жіберіп, Гаага қылмыстық сотына тапсыруды қайта-қайта талап етті.
Үндеуге қатысушы әйелдердің бірі Путин мен оның командасын, сондай-ақ жергілікті билікті аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмады деп айыптады.
«Менің расында биліктен қатаң сұрағым келеді. Біздің бәрімізге енді бірігіп алып, «Біз неге бұлай өмір сүреміз? Бізде неге адамдар қорғауға алынбайды? Неге бомбыдан қорғанатын жер жоқ? Неге бізді әлдеқандай бір жертөлелерге тығылуға мәжбүр етеді?» деді әйел.
Ол өз сөзінде диктатор Путиннің командасымен бірге Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладковты доғарысқа жіберуді талап етеді.