26 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бокс: Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасына толық құрамда барады

2 Маусым 2024 20:18
- Жаңалықтар, Сайыс
Бокс: Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасына толық құрамда барады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БАНГКОК. 2 маусым. Бангкоктағы олимпиялық іріктеу турниріндегі жұбаныш кезеңінде бүгін екінші рет жеңіске жеткен Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада квотасына қол жеткізді. Бұл туралы Olympic.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Турнирге Африкадан – 25, Америкадан – 27, Азиядан – 31, Еуропадан – 39, Океания аймағынан – 9 мемлекеттің, барлығы 131 елдің 578 боксшысы қатысуда.

Мұнда ерлер 57, 80 келіге дейінгі салмақтарда – 3, ал 51, 92, +92 келіге дейінгі салмақтарда – 4, сондай-ақ 63,5 және 71 келіге дейінгі салмақтарда 5 квота, әйелдер 60 келіге дейінгі салмақтарда – 3, ал 50, 54, 57, 66, 75 келіге дейінгі салмақтарда 4 квота алады.

Бүгін 63,5 келіге дейінгі салмақтағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы олимпиялық лицензияға қол жеткізіп, Олимпиялық ойындарға баратын Қазақстанның ерлер құрамасының сапын толықтырып берді. Яғни кем болып тұрған жалғыз квотаның орнын толтырды. Бұл үшін ол өз салмағындағы бесінші лицензия үшін өткізілген жұбаныш турнирінің финалында молдован Александр Парасчивті 5:0 есебімен ұтып шықты.

Бұған дейін Мұхаммедсабырдың ширек финалда кубалық Эрисланди Альвареске есе жіберіп қойғаны белгілі. Соның салдарынан жартылай финалға өте алмай қалған төртеудің арасындағы турнирге қатысып, қалған жалғыз бесінші жолдама үшін шайқасуына тура келді. Сол жолда алдымен колумбиялық Хосе Мануэль Виафараны 3:2 есебімен жеңді.

Ал жалпы Бангкок турнирінде ширек финалға дейін Мұхаммедсабыр филиппиндік Кристиан Питт Лаурентені, түрік Мизан Айкөлді, итальян Джанлуиджи Маланганы ұтқан болатын. Сонда ол Таиланд астанасында 6 рет шаршы алаңға шығып, 5 рет жеңіске жеткен болып шығады.

Бүгін алдымен әйелдер арасында Валентина Хальзова (75 кг) мен Назым Қызайбай (50 кг) ширек финалдық шайқастарында жеңіске жетіп, Олимпиялық лизенцияға қол жеткізді. Атап айтқанда, Валентина Хальзова колумбиялық Ширлейдис Оросконы, Назым Солтүстік Корея боксшысы Канг Су Хуангты 5:0 етіп тізе бүктірді.

Құтты болсын! Жеңісті жол Парижде жалғассын!

Сонымен, еліміздің Мырзағали Айтжанов басқаратын ерлер құрамасы Олимпиадаға белгіленген 7 жолдаманы түгел ұтып алды. Ал Елдос Сайдалин басқаратын әйелдер құрамасында 6 жолдаманың 3-уі бар.

Суретте: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы лицензиясын қолына ұстап тұр

Таңбалар: БангкокбокслицензияМұхаммедсабыр Базарбайұлы

Ұқсас мақалалар

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті
Әлеумет

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

09.07.2026
Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады
Жаңалықтар

Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады

21.06.2026
Санжар Тәшкенбай Әлем кубогы екінші кезеңінің ең биік тұғырына көтерілді
Жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай Әлем кубогы екінші кезеңінің ең биік тұғырына көтерілді

21.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist