Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Макрон: РФ майдан шебін бұзып өтсе, Батыс елдері Украинаға әскер жібереді

ПАРИЖ. 2 мамыр. Франция президенті Эммануэль Макрон егер Ресей майдан шебін бұзып-жарып өтетін болса, Батыс елдерінің Украинаға әскер аттандыратынын айтты. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Француз лидері Киевтен өтініш түссе, Батыс мемлекеттерінің әскерлерін Украинаға жіберулері мүмкін екенін жоққа шығармады. Макронның айтуынша, қазір Батыстың алдында тұрған басты міндет – Мәскеудің Киевті жеңуіне жол бермеу, себебі, ол кезде Ресей армиясы Еуропарның басқа елдеріне де басып кіруі ықтимал.

Президент бірқатар елдер Украинаға әскер жіберу мәселесі жөнінде Франция ұстанымын ұстанып отырғанын айтты.

Макрон Ресейді жан-жағына зәрін шашып отырған зор қатер ретінде атап өтіп, өзінің бұл тұжырымын «барлық еуропалықтың қолдайтынын» баяндады. «Ресей – біздің бәріміз білетін, бәріміз әрқашан көріп келе жатқан қатер. Мен мұны бүкіл еуропалықтар, әсіресе, Германия мен Франция атынан айтып тұрмын» дегенді жеткізді ол.

Бұдан бөлек, президент Украинаға кең ауқымды соғысты бастап кеткенінен кейін Мәскеу тарапынан ядролық соғыс қатері жайлы қоқан-лоққының жиі айтыла бастағанын еске салып өтті.

«2022 жылдан бастап Ресей кейде ашықтан-ашық, кейде ишарамен ядролық қарумен қорқытуға көбірек жүгінуде. Мұндай мәлімдемелерді президент Путин жүйелі түрде жасап келеді», – деді Макрон.

Қалған батыс елдері Украинаға әскер енгізу вариантын ысырып тастамауы керек, деп санайды Макрон және мұны жоққа шығару «соңғы екі жылдан сабақ ала алмағандықты» білдіреді.

Бұған дейін Франция президенті 27 сәуірде осындай мәлімдеме жасаған болатын.

Бір күн бұрын Словакия премьер-министрі Роберт Фицо сондай-ақ кейбір НАТО елдері екіжақты келісімдер аясында өз әскерлерін Украинаға жіберуді қарастырып жатқанын айтты. Бірақ ол нақты қандай мемлекеттер туралы сөз болып отырғанын ашып айтқан жоқ.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button