Боранбаев бас жаттықтырушы Адиевтің орнында қалғанын қалайтынын айтты
АЛМАТЫ. 30 наурыз. Алматының «Қайрат» ФК бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев құраманың бас бапкері Магомед Адиевтің орнында қалғанын жөн екенін білдірді. Бұл туралы nur.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінде қалуы керек деп есептеймін. Ол команданы жақсы біледі, оған Ұлттар лигасында тағы бір цикл жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек», – деді Боранбаев «Деловое утро» бағдарламасының подкастында.
Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 21 наурызда Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекиядан 0:5 есебімен жеңілген еді. Осылайша 2024 жылғы Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігінен айрылды.
Магомед Адиевтің шәкірттері бұдан кейін, 26 наурызда Люксембург құрамасымен өткен жолдастық кездесуде 1:2 есебімен ұтылып қалды. Қатарынан орын алған екі жеңілістен соң бас жаттықтырушы қызметінен кету туралы ойын ортаға салды.
Магомед Адиев 2022 жылы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына бас жаттықтырушы болып тағайындалды. Ол Махачқаланың «Анжи», Мәскеудің ЦСКА және «Спартак», Грозныйдың «Терек» және Астананың «Жеңіс» секілді танымал клубтарында ойнады. Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, «Ахмат» (Грозный), «Анжи» (Махачқала), «Чайка» (Песчанокопское, Ростов облысы) командаларын жаттықтырған.