Мәскеудегі лаңкестік шабуылға қатысты деген күдікпен 4 тәжік азаматы ұсталды
МӘСКЕУ. 25 наурыз. Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында орын алған терактіні жасады деген айыпталған тәжікстандық 4 азамат қамауға алынды. Бұл туралы ТАСС ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мәскеудің Басман соты «Крокус Сити Холл» концерт залындағы терактіге байланысты айыпталушы болып отырған төрт азаматты 22 мамырға дайын тергеу оқшаулағышына жөнелтті. Олардың екеуі өз кінәларын мойындап үлгерді.
Ресей тергеу комитетінің ақпары бойынша, теракт салдарынан 137 адам, соның ішінде 3 бала қаза тапқан. Төтенше жағдайлар министрлігі террордың 68 құрбанының денелерін анықтады.
Қаза тапқандар арасында шетелдіктер де бар: олардың Армения азаматшасы, Беларусь азаматшасы, сондай-ақ Молдованның азаматы екені анықталды.
Жалпы саны 182 адам зардап шеккен. Дүйсенбі күні күндіз Мәскеу денсаулық сақтау министрлігі қалалық ауруханаларда емделіп жатқан 76 зардап шегушінің тізімін жариялады.
Қазір құтқарушылары тәулік бойына «Крокустың» құлаған қабырғалары мен қирандыларын тоқтаусыз жинап алып жатыр.
Мәскеудің Басман соты терактіні жасауға тікелей қатысқан Далерджон Мирзоев, Саидакрами Рачабализода, Шамсидин Фаридуни және Мухаммадсобир Файзов ныспылы Тәжікстан азаматтарын 22 мамырға дейін тергеу оқшаулағышында ұстауға аттандырды. Бұлардың арасында Мирзоев и Рачабализода өз кінәларын толық мойындады.
Baza телеграм-арнасының хабарлауынша, айыпталушылар жөнінде мынадай мәліметтер жиналған:
Далерджон Мирзоев Ресейде тіркелмеген, оның жасы 32-де, үйленген және төрт баласы бар. Тұрақты жұмысы жоқ. Орысша білмейді, тілмаш арқылы сөйлеседі.
30 жастағы Саидакрами Рачаболизадо РФ-да тіркелген, бірақ қайта тіркелгені есінде жоқ. Оның бір баласы бар. Соңғы кездері жұмыссыз жүрген. Орыс тілін білмейді, тілмаш арқылы сөйлеседі.
Ұсталғандарға РФ Қылмыстық кодексі 205-бабының 3-бөлігі бойынша («Террорлық акт») айып тағылып отыр, оның жазасының шарықтау шегі – өмір бойы бас бостандығынан айыру.
25 жастағы Фаридуни Шамсутдин үйленген, бір баласы бар. Красноярск қаласында тіркелген. Онда қара жұмысшы болып істеген. Ал терактіге дейін Мәскеудің түбіндегі Подольск қаласындағы паркет фабрикасында істеген.
19 жасар Муххамадсобир Файзов әлі үйленбеген. Файзов Иваново қаласындағы барбершопта шаштараз болып істеген, бірақ қазір одан шығып кеткен. Атыс кезінде жарақат алып қалған ол ауруханаға жатқызылған. Сотқа күрсі-доңғалағышпен әкелінген.
Басман соты сондай-ақ терроршылар пайдаланған ақ «Рено» көлігінің бұрынғы егесі Диловар Исломовты та қамауға алды. Ол 1999 жылы Душанбеде туған, қазір Ресей азаматы, таксиші болып істейді. Бұл іс бойынша онымен қоса, әкесі мен бауыры да қамалды.