26 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысының спорт саласында жемқорлықтың тәуекелі анықталды

24 Наурыз 2024 08:45
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда облысының спорт саласында жемқорлықтың тәуекелі анықталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 24 наурыз. Қызылорда облысының спорт саласында бірқатар жемқорлық фактілерінің ізі бар екені анықталып отыр. Бұл туралы Halyq Uni ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мұның жай-жапсары бұрнағы күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысындағы департаментінің бастамасымен өткен қоғамдық кеңес жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысында айтылды.

Іс-шараға ведомство басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Ләззат Бақтыбаева, Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Бәкіров, аталған комиссия мүшелері және облыстың спорт, білім басқармаларының басшылары қатысты.

Отырыста өңірлік Антикор басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков облыстың дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы мен оған қарасты мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері жөнінде баяндама жасады. Онда спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оның ішінде қаржылық жоспарлаудағы, «Қайсар» футбол клубы қызметіндегі және спорт мектептеріндегі тәуекелдер мен проблемалық мәселелер атап өтілді.

Атап айтқанда, талдау барысында өңірдің бірқатар спорт мектебінің есепшілері бюджет қаражатын өз есепшоттарына артық аударып алу, оқу-жаттығу жиындарына бөлінген қаражатты тиімсіз пайдалану, еңбекақы лимитін сақтамау, жаттықтырушылардың жалған дипломмен жұмыс істеу және т.б. фактілері анықталғаны белгілі болды. Соның салдарынан департамент салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу мақсатында 17 ұсыным енгізді.

Жиында сондай-ақ білім беру саласының бюджет қаражатын жоспарлау және игеру барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында облыстың спорт және білім басқармасы басшыларының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша есептері тыңдалды.

Алдағы уақытта департамент сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлескен жұмысты жалғастыратын болады.

Таңбалар: антикоржемқорлық тәуекеліҚызылорда облысыспорт саласы

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Аймақ

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026
Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр
Аймақ

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр

07.08.2026
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті
Жаңалықтар

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті

05.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist