Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Алматы облысында бұрынғы екі полицей адам азаптады деген күдікпен ұсталды

ҚОНАЕВ. 16 наурыз. Бас прокуратура өкілдері «адам азаптады» деген күдікпен Алматы облысының бұрынғы екі полиция қызметкерін қамауға алды Бұл туралы Halyq Uni ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Екі полицей де кезінде лауазымды қызметтер атқарған. Атап айтқанда, 42 жастағы полиция подполковнигі Серік Тұрпанбаев Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек полиция бөлімін басқарған. Ал 37 жастағы полиция майоры Сопақов Қарасай ауданында аға инспектор болған.

Қазір бұрынғы полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі («Азаптау») бойынша айыпталуда. Мұндай құқық бұзушылық үшін оларды 5 мың АЕК (18,4 миллион теңге) айыппұл немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза күтіп тұр.

Екі полицей де Алматыдағы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Суретте: Серік Тұрпанбаев

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button