Футбол: Қазақстан құрамасы түрікмен ұлттық командасын тізе бүктірді
ДУБАЙ. 14 наурыз. Бүгін БАӘ-нің Дубай қаласында футболдан Қазақстан құрамасы Түрікменстанмен жолдастық кездесу өткізді. Бұл туралы Prosports.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Матч 2:0 есебімен қазақстандық футболшылардың пайдасына шешілді. Команда сапынан Ислам Чесноков пен Александр Зуев мергендіктерімен көзге түсті.
Бұрын Қазақстанда ойнаған, қазір өз елінің «Ахал» клубында өнер көрсетіп жүрген Түрікменстан құрамасының қорғаушысы Ата Гельдыев ойыннан кейін өз ойларын ортаға салды.
«Бірінші таймда біз жақсы ойнадық, бірінші нөмірмен өнер көрсетіп, допқа көбірек егелік етті, сіздердікі қарсы шабуылға шығып тұрды. Сіздердің футболшыларлың дене сүйектері үлкен екен, олар сонысымен басым түсті, алыстан пас беруге көбірек көңіл бөлді. Екінші таймда ашық ойын болды. Бірақ гректердің ойындарын білмейтін болғандықтар, алдағы плей-оффта Қазақстанның қаншалықты мүмкіндігі бар екенін айта алмаймын. Дегенмен, сәттілік тілеймін», – деді түрікмен футболшысы.
Айта кетуіміз керек, Біріккен Араб Әмірлігінде ойналған бұл матч жабық режимде көрерменсіз өтті, оған жанкүйерлер де, журналистер де кіре алмады.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 21 наурыз күні Афина қаласында УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекия құрамасымен кездеседі. Бұлардың жеңіске жеткені Грузия – Люксембург терме жамағаттарының қай жеңгенімен ұшырасады. Міне, осында жеңімпаз атанған құрама Еуропа чемпионатына жолдама алады.
Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев бұдан бұрын осы плей-офф матчына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялаған болатын.