25 Тамыз, 19:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бишімбаев соты: мемлекеттік айыптаушы қылмыстың табиғатын ашып берді

11 Наурыз 2024 22:37
- Жаңалықтар, Құқық
Бишімбаев соты: мемлекеттік айыптаушы қылмыстың табиғатын ашып берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 11 наурыз. Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі басталды. Бұл туралы «Халық үні» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Атышулы қылмыстық істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарауды қолға алды.

Айыптау актісіне сәйкес, Бишімбаевқа қылмыстық кодекстік 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша және 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көрсетілген қылмыстық әрекет жасады деген айып тағылды.

Прокурор Айжан Аймағанова сотталушы Қуандық Бишімбаев қылмысының табиғаты мен қайғылы оқиғаның фабуласын баяндап шықты.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаевтың таныстығы 2022 жылдың тамызында басталған. Тойлары сол жылдың желтоқсан айында өткен. Бірақ, неге екені белгісіз, олар заңды некеде тұрмаған. Отбасылық өмір барысында Бишімбаев Нүкеноваға туыстарымен, құрбыларымен кездесуге, жұмыс істеуге рұқсат бермеген және үнемі қызғанумен болған. Соған байланысты жұдырыққа жиі жүгініп тұрған.

Тағы бір дерек, 2023 жылдың наурызында (нақты уақыты анықталмаған) қызғаныштан Нүкенованы ұрып-соққан. 2023 жылдың 25 наурызында Нүкенова дене жарақатының фотосын түсіріп, ағасына жолдаған. Алайда ешқандай әрекет қабылдамауды өтінген. Содан кейін Қайрат Нүкенов қарындасы Салтанат Нүкеноваға ажырасуға ақыл берген. Алайда ол жағдай реттеліп кететінін айтып, ажырасудан бас тартқан.

Қуандық өзінің ұрып-соққаны айғақталатын фото әйелінің туыстарында бар екенін білгесін, оны жалаңаш қалпында суретке түсуге көндірген. Мұны фото өзіне айып болып ұсынылса, мұны бопсалау үшін пайдаланбақшы болған.

Салтанат күйеуінен бірнеше рет кетіп қалуға оқталған, алайда Бишімбаев әр жолы одан кешірім сұрап, ниетінен қайтарып отырған.

Мемлекеттік айыптаушының баяндауынша, Салтанат пен Қуандық 2023 жылы 9 қарашада Астанада концертке барған. Алайда концерт аяқталмастан, ол жерден шығып, Bau ресторанына келеді. Екеуі ішімдікке тапсырыс беріп, 4 шыны шарап ішкен. Отырыс кезінде Салтанат бұдан кеткісі келетінін тағы айтқан. Ол бастапқыда рестораннан кетіп қалмақшы болған, бірақ Қуандық бұған жол бермеген. Сосын ресторанның VIP залында екеуінің арасындағы жанжал қайта жалғасқан. Бишімбаев ұрыс-керіс барысында өзінің ақшасына сатып алынған заттар туралы сөз қозғаған. Содан кейін Нүкенова ішкиім және әшекейден басқасын шешіп тастаған. Оның бұл әрекеті Бишімбаевтың ашуына тиген. Тергеу мәліметіне сәйкес, содан кейін Бишімбаев әйелді жұдырықпен ұрған. Таңғы сағат алты кезінде мас Бишімбаев Салтанатпен бірге ғимараттан шықпақ болған, алайда оларды күзетші байқаған соң, екеуі ресторанға оралған.

«Бишімбаев өзінің қылмыстық әрекетінің ауыр әрі қатыгездік екенін түсіне тұрып, Нүкенованы басынан жұдырықпен бірнеше рет ұрған. Соның салдарынан әйел еденге құлап түскен. Ал есіріп алған Бишімбаев оны ұрып-соғуды одан әрі жалғастырған. Артынан Нүкенованы еденнен көтеріп, басынан жұдырықпен ұрған, вип-залға шашынан сүйреп апарған», – деді прокурор.

Нүкенова дәретхананың есігін ішінен іліп, жасырынбақ болған. Алайда Бишімбаев есікті металл затпен ашып кірген. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол Нүкенованы шығарып, тағы да басы мен денесін ұрып-соққан. Сондай-ақ оны буындырған, соның салдарынан Нүкенова есінен танып қалған. Бишімбаев тек Нүкенованың есінен танғанына көзі жеткен кезде ғана ұруын тоқтатқан. Соңынан Салтанат осы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.

Бишімбаев келесі күні өзінің туысы Бақытжан Байжановты шақырып алып, ресторан қызметкерлерін таратуды бұйырған, марқұмның телефонын беріп, бірнеше мәнзілге барып қайтуды тапсырған.

Сот процесінде судья Айжан Құлбаева сотталушы Қуандық Бишімбаевқа өзіне тағылған айыптың мәні түсінікті не түсіністікті еместігі жөнінде сұрақ қойған. Бұған ол: «Иә, маған айыптаудың мәні түсінікті, бірақ мен өз айыбымды мойындамаймын»,– деп жауап береді.

Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев 11 қараша күні ғана қамауға алынған. Тағы бір күн өткеннен кейін Бақытжан Байжановтың да қолына кісен салынған.

Таңбалар: кісі өлтіруҚуандық БишімбаевСалтанат Нүкеновасот отырысы

Ұқсас мақалалар

Қызылордада бір үйдің екі әйелін өлтірді деген күдікті ұсталды
Жаңалықтар

Қызылордада бір үйдің екі әйелін өлтірді деген күдікті ұсталды

09.01.2026
Өзбекстан Шешенстаннан келген екі киллерді іздестіріп жатыр
Жаңалықтар

Өзбекстан Шешенстаннан келген екі киллерді іздестіріп жатыр

28.12.2024
Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді
Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді

20.07.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist