Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Азия Олимпиялық кеңесі IX Қысқы Азия ойындарын өткізетін қаланы атады

БЕЙЖІҢ. 24 ақпан. Азия Олимпиялық кеңесі Қытайдың Харбинь қаласының IX Қысқы Азия ойындарын қабылдайтынын жариялады. Бұл туралы Olympic.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Құрлықтың Қысқы ойындары  Қытайдың Харбинь қаласында 2025 жылы 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді. Азия Олимпиялық кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема мен ұранды бекітті.

Ойындардың ұраны: «қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат» (Dreams of Winter, Love among Asia).

Еске сала кетейік, Харбинде осыған дейін 1996 жылы Қысқы Азия ойындары өткен. Сол кездегі мұз сарайының бірнеше алаңы келесі жылы пайдаланылатын болады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button