18 Қазан, 00:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әбиба Әбужақынова Португалияда Гран-при турнирінің қола жүлдесін алды

27 Қаңтар 2024 13:04
- Жаңалықтар, Сайыс
Әбиба Әбужақынова Португалияда Гран-при турнирінің қола жүлдесін алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЛИССАБОН. 27 қаңтар. Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Португалияда өтіп жатқан әлем Гран-при турнирінің қола медальге қол жеткізді. Бұл туралы Sports.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Халықаралық турнирде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан ол жұбаныш финалында түрік қызы Сила Эрсиннен басым түсті. Бұл оған қола медальді қамтамасыз етіп берді.

Әбиба іріктеу кезеңінде нидерландтық Эмбер Херчес пен француз Лаура Эспадинханы қапы қалдырды. Бірақ ширек финалда жапон Кано Миякиге жол беріп қойды. Одан кейін жұбаныш белдесуінде бельгиялық Лоис Петитті тізе бүктіріп, үшінші орын үшін күресуге жол беретін кіші финалға жолдама алды.

Айта кетуіміз керек, Португалияның Одивелаш қаласында басталған Гран-при сайысы  дзюдодан 2024 жылғы маусымның алғашқы ресми рейтингтік жарысы болып саналады. Турнирге әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы қатысып жатыр.

Біздің анықтама. Әбиба Рахмонәліқызы Әбужақынова 1997 жылы 4 шілдеде Өзбекстанда туған. 11 жасынан бері дзюдомен шұғылданып келеді. Ташкентте тұрып, жаттықты. Содан кейін бір өзі Алматыға келіп, республикалық спорт колледжіне оқуға түсті. Осы кезден бастап түрлі республикалық және халықаралық жарыстарға қатыса бастады.

Әбиба – Азия чемпионатының 2021, 2022 жылдарғы күміс жүлдегері, ал 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола медаль алды. Ол 2023 жылы Португалияда өткен Гран-при сериясында жеңімпаз атанып, осындай беделді турнирді жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы қыз болды.

Әбибаның ерекше ескеріп, айрықша айтып өтетін тағы бір үлгілі жағы: ол қандай бір жарыстан кейін де журналистердің қойған сұрақтарына тек қазақ тілінде жауап береді, әлдекімдерге жақсы көрінгісі келіп, орысша тілін майыстырып тұрмайды

Таңбалар: Әбиба Әбужақыновадзюдо. Португалияқола медальтурнир

Ұқсас мақалалар

Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында футзалдан турнир өтті
Жаңалықтар

Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында футзалдан турнир өтті

05.09.2026
Асаубаева «Norway Chess Women 2026» турнирінің соңғы турында жеңіліс тапты
Жаңалықтар

Асаубаева «Norway Chess Women 2026» турнирінің соңғы турында жеңіліс тапты

06.06.2026
Асаубаева мерзімінен бұрын турнирдің жеңімпазы атанды (видео)
Жаңалықтар

Асаубаева мерзімінен бұрын турнирдің жеңімпазы атанды (видео)

05.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist