Жапондар арасында Ресейді жек көретіндер қарасы күрт көтеріліп келеді
ТОКИО. 21 қаңтар. Жапония тұрғындары арасында Ресейге «достық рәуішпен» қарамайтындар саны рекордтық 95,3 пайызға жетті. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Жапониядардың 95,3 пайызының Ресейге «достық сезімдері жоқ». Үкіметтің қоғамдық пікірді зерттеу орталығының өткен жылғы қыркүйек-қазан айларында жүргізген сауалнама қорытындысы осындай нәтиже көрсетті. Ол сонымен қатар соңғы екі жылда да елде Ресейге негативті көзбен қараушылық мөлшері рекордтық көрсеткішке жеткенін байқатты.
Бұл жолғы сауалнама барысында оған қатысушылардың 4,1 пайызы ғана Кремль билеген фашистік-милитаристік мемлекетке әлі де «достық сезімдері» бар екендерін аңдатқан.
Жапон халқының орыс жұртын бұлайша қатты жек көрулеріне Ресейдің оккупациялық армиясының Украина жерінде соғыс жүргізіп жатқаны негізгі себеп болып отыр.
Күншығыс дәулетінің тұрғындары мұндай рекордтық теріс көзқарасты Ресеймен бірге Қытайға да танытқан. Осылайша респонденттердің 86,7 пайызы Жөңге еліне «достық сезімде емес» екендерін айғақтап берген.