Болгария Ресейдің орнына Қазақстан мұнайын сатып алуға шешім қабылдады
СОФИЯ. 12 қаңтар. Биылғы жылы Ресей мұнайын импорттаудан бас тартқан Болгария мұның орнын Қазақстан сұрыптарымен толтыруды жөн көрді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Болгария биылғы қаңтардан бастап Ресей мұнайын Қазақстанның, Ирактың және Тунистің өнімдері сорттарымен алмастырды.
София 2022 жылы Еуроодақ эмбаргосына ілінбей, 2024 жылдың соңына дейін РФ мұнайын сатып алып тұруға рұқсат алып еді. Алайда бұл ел биылғы қаңтардан бастап Ресейде өндірілген мұнайдан жасалған мұнай өнімдерін экспорттауға шектеу қойды. Сонымен бірге оны қайта өңдеуді мүмкін емес болып қалды. Ал наурыздан бастап РФ шикізаттарын сатып алуға тыйым салынды
Болгария қазір Бургастағы қуаты тәулігіне 190 000 баррель жалғыз мұнай өңдеу зауытын қамтамасыз ету үшін ғана Ресейден мұнай алып отыр.