Мемлекеттік дума ресейлік әйелдерді «Путин пәрменімен» бала тууға шақырды
МӘСКЕУ. 17 желтоқсан. РФ мемлекеттік думасындағылар ресейлік қыз-келіншектерге президент Владимир Путиннің сөзін тыңдап, демографиялық көрсеткіштерді жақсартуға үн қатты. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Думаның қорғаныс комитетінің мүшесі Андрей Гурулев «Тікелей эфир» бағдарламасында осы жайында ой тарқатты. Ол диктатордың агрессиялық соғыс жүргізіп жатқан елдегі демографиялық көрсеткіштерді жақсартуда қолға алынуға тиісті бірден-бір шараның бала туу екені жөніндегі сөздеріне тоқтала келіп, бұған құлақ асуға шақырды.
«Президент не айтты? Дәстүрлі құндылықтар: Отан, көп балалы отбасылар. Міндетті қалай орындамақсың? <…> Президенттің жарлығын орындайсың ба? Міндетті орындасаң, тоғыз айдан кейін нәтижең жайында есеп бер», – деп соқты Гурулев бағдарлама барысында.
Диктатор Путин биылғы қараша айында Бүкіләлемдік орыс халық соборы отырысында сөз сөйлеп тұрып, Ресейдің «аса күрделі демографиялық дағдарысқа» ұшырап отырғанын, ал оны жеңу үшін елде көп балалы отбасылар дәстүрін қайта жаңғырту қажет екенін атап өткен еді.