17 Қазан, 11:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр бойында ауыл шаруашылығына 9,4 млрд теңге инвестиция құйылды

2 Желтоқсан 2023 21:03
- Аймақ, Жаңалықтар
Сыр бойында ауыл шаруашылығына 9,4 млрд теңге инвестиция құйылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 желтоқсан. Қызылорда облысында биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласына 9,4 миллиард теңге көлемінде инвестиция салынды. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста аграрлық саланы дамытуға ерекше қолдау көрсетілуде. Тиісінше жыл сайын мемлекет тарапынан аграрлық саланы дамытуға қомақты қаржы бөлініп келеді. Биыл осы салаға 18,5 млрд теңге қаржы, оның ішінде, субсидиялауға 14,0 млрд теңге бөлінді.

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде  осы жылдың 10 айында:

– ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 200,3 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда, 2,6%-ға артты;

– ауыл шаруашылығы негізгі қорына 9,4 млрд теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 36,6%-ға артты;

– тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 2,2 млрд теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3,1 есеге артты.

«Жалпы, биыл облыс бойынша 193,4 мың гектар жерге  ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. (Оның ішінде, дәндi дақылдар  99,9 мың гектар, майлы дақылдар 4,5 мың гектар, мал азықтық дақылдар 69,2 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 19,8 мың гектар). Ал негізгі дақыл күрiштің көлемі – 89,0 мың гектарды құрады. Сәйкесінше ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,8 мың гектарға ұлғайды», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.

Аймағымызда егіс көлемдерін әртараптандыру бағытында биыл 3 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы су үнемдеу технологиясын пайдалану арқылы 872 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, былтырғымен салыстырғанда, 80 гектарға артты. Бұл тенденцияны жыл сайын 1000 гектарға дейін жеткізу межеленіп отыр.

Бұл бағытта алдағы жылдары 5 ірі жобаны жүзеге асыру  жоспарлануда. Оның ішінде, жалпы құны – 25,6 млрд теңгені құрайтын  жаңбырлатып суару әдісімен мал азықтық дақылдарын өсіру бойынша – 2 жоба, жаңбырлатып, тамшылатып суару әдісімен жүгері дақылдарын өсіру  бойынша – 2 жоба, тамшылатып суару әдісімен – 1 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Егін егу науқаны барысында біздің шаруашылықтар 100%-ға жоғары репродукциялы тұқыммен және қажетті тыңайтқыш, жанар-жағар маймен қамтамасыз етілсе, егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы мерізімінде агротехникалық талаптарға сай күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, күріштің өнімділігін арттыру үшін аймақтың күрделі климаттық жағдайына бейімделген, өнімділігі жоғары жаңа сорттарды өндіріске енгізу өте маңызды. Осы бағытта украиналық және қытайлық селекционерлермен күріштің жаңа қарқынды сорттарын өсіру туралы келісімге қол жеткіздік.

Қазіргі таңда Украина ғалымдарымен бірлесіп, күріштің «Виконт», «Премиум», «Маршал» украиндық сорттарын жергілікті жердің ауа райына бейімдеп орналастыру қолға алынды. Осыған ұқсас, Ресейдің «Яхонт», «Патриот» жаңа күріш сорттары тәжірибе есебінде барлығы 71 гектарға 20 тонна тұқым егіліп, «Яхонт» сортының әр гектарынан 58,7 центнерден, «Патриот» сортының әр гектарынан 75,4 центнерден өнім алынды.

Бұл сорттардың өнімділігі Ресейдің «Лидер», «Янтарь» сорттарына қарағанда, 10,1 центнерге жоғары болды және су тапшылығы жағдайында суармалы суды үнемдеу мақсатында өсу мерзімі 10-15 күнге қысқаруда. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде егілген дақылдар мерзімінде жиналды.

Жалпы күзгі егін жинау науқанында облыс бойынша 521,2 мың тонна дәнді дақылдар, оның ішінде  503,3 мың тонна күріш ,4,8 мың тонна майлы дақылдар, 94,4 мың тонна картоп, 398,7 мың тонна көкөніс, бақша өнімдері жиналды.

 

Таңбалар: ауыл шаруашылығыинвестицияҚызылорда облысы

Ұқсас мақалалар

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті
Әлеумет

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

15.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

06.10.2026
Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері
Аймақ

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері

15.09.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist