18 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылжарда «Халық кеңесінің» төрт мүшесі сот арқылы жазаға тартылды

28 Қараша 2023 22:27
- Жаңалықтар, Құқық
Қызылжарда сепаратистер тобының ісін қараған сот процесі басталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛЖАР. 28 қараша. Бүгін Қызылжарда Қазақстаннан «тәуелсіздік» алу үшін құрылған «Халық кеңесі» деген сепаратистік ұйымның төрт мүшесіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы «Азаттық радиосының» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қызылжарда сепаратизм айыбы тағылған «Халық кеңесінің» мүшелері сот арқылы бас бостандықтарынан айырылды. Төрт айыпталушы жеті жылдан тоғыз жылға дейін сотталды.

Еске сала кетейік, қылмыстық іске биылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының орталығындағы бір колледжде өткен жасырын жиын себеп болған. Онда бір топ сепаратшылар «Еңбекшілердің халық кеңесі» деп аталатын ұйымның өзін өзі құрғаны жайлы жариялаған. Кейін прокуратурадағылар мәлім еткендей, «Халық кеңесінің» мүшелері өздерінің Қазақстан мемлекетінің құрылуын легитимді және заңды деп санамайтыны, оның тәуелсіздігін мойындамайтыны хақындағы заңсыз декларацияға қол қойған. Олар Қазақстанды «корпорация» деп кемсітіп атап, өздерінше «қазіргі басқару жүйесіне күмән келтірген», соған орай «өз тәуелсіздіктерін жариялаған».

Наурыздың аяғына қарай әлеуметтік желіге кеңінен тарап кеткен осы жиын жөніндегі видео қоғамда қызу талқыға түсті. Жұртшылық өкілдері республиканың әр қаласында жиын өткізгендерді «сепаратизмдік әрекеттері» үшін жауапқа тартуды талап етті. Мәжіліс депутаттары бас прокуратурадан істің мәнісін жіті тексеруді сұрады. Соңынан арнайы сараптама «Халық кеңесі» қатысушыларының іс-қимылдарынан «сепаратизм белгілері анықталды» деген қорытынды шығарды. Наурыздың соңында ҰҚК-ның Солтүстік Қазақстан облысындағы департаменті олардың сепаратистік ісі бойынша тергеуді жедел қолға алды.

Ал заңсыз ұйым мүшелеріне арналған сот процесі 6 қараша күні басталды. Істі қарау Қызылжар қалалық сотының судьясы Алмас Жұмағазинге жүктелді.

Осы тұста айыпталушылар орындығына 48 жастағы автослесарь, ұйым жетекшісі Вячеслав Зудерман, өзін өзі жұмыспен қамтушы 40 жастағы Елена Болдырева, 52 жастағы мұғалім Мәдина Қапарова және 37 жастағы саудагер Ольга Бережнова отырды.

Процесс барысында Бережнованың «кеңес» мүшелеріне куәлік пен символика дайындап, жиналғандарды декларациямен таныстырғаны айтылды. Ал декларацияны Зудерманның өзі жазып шыққан.

«Кеңестің» басқа мүшелері сотқа куәгер ретінде қатыстырылды.

Соңынан сот үкімі бойынша, Вячеслав Зудерман – тоғыз жылға, Елена Болдырева, Мәдина Қапарова және Ольга Бережнова жеті жылдан түрмеде отыру жазаларына кесілді.

Судья төрт адамды «Қазақстанның конституциялық құрылымын күштеп өзгертуге үгіттеді» деген және «сепаратизм» айыптарымен кінәлі деп тапқан. Ал Зудерманға сонымен қатар заңсыз қару сақтады деген айып таққан.

Сотта айыпталушылар өздеріне тағылған айыптарды мойындамай, «қала мәселесін шешіп, адамдарға көмектесу үшін жұмысшылардың халық кеңесін құрмақ болғанын» айтып, біраз сандалып баққан. Бірақ олардың қол қойған декларациясы мүлдем мұндай мәселені қозғаған жоқ еді.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ, сондықтан тараптардың апелляциялық шағым түсіру құқықтарын пайдалана алатын уақыттары бар.

Таңбалар: жазаҚызылжар сепаратистерісотүкім

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды
Жаңалықтар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды

08.09.2026
Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ
Жаңалықтар

Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

02.09.2026
Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды
Жаңалықтар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

24.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist