АҚШ Ресейдің көлеңкелі «мұнай флотына» күйрете соққы бермекші
УАШИНГТОН. 6 қараша. Құрама Штаттар Ресейдің өз мұнайын сыртқа жеткізіп жүрген астыртын, көлеңкелі «флотының» жолына тосқауыл қоюдың бар амалын жасағалы отыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
S& P Global мәліметі бойынша, Ресейдің шикі мұнайының жартысынан астамы батыстың қамсыздандыруы арқылы емес, танкерлер тасымалымен экспортқа шығарылып жатыр. Осының өзі РФ-ның мұнай долларлары тасқынының өсе түсуіне себеп болып тұр. Өйткені, «үлкен жетілік» белгілеп берген үстіңгі баға бүгінде оншалықты бір қатаң бақылауда ұсталып тұрған жоқ.
«Сондықтан Уашингтон Ресейдің көлеңкелі флотының жұмысын қиындатудың жолдарын іздестіріп жатыр», – деп жазады The Wall Street Journal.
АҚШ пен оның одақтастары бұл флотты өз ырықтарында ұстап, олардың Ресей үшін мейлінше қымбат және күрделі болуы жөнін талқылауға салуда. Бұған бірінші қадам ретінде порттар операторларына Ресей кемелерінен алынатын ақыларды көтеру ұсыныстарының тізімі жіберілді. Атап айтқанда, олардан қамсыздандырудың қаржыларын толық төлеп қоюды талап ету тапсырылды. Бірақ шетел порттарының бұл талап-тілекті қаншалықты деңгейде орындайтыны әзірге белгісіз.
Бұдан басқа, газет мәнбелері айтып жатқандай, мұнай саудагерлерін шектеу енгізуге мәжбүр ететін жаңа шаралар талданып жасалып жатыр. АҚШ қаржы министрлігі қазан айында санкция талаптарын бұзған екі танкерді жазалау ретінде америкалықтарға олармен бизнес жүргізуге тыйым салды. Бұл танкерлердің бірінің қожайыны БАӘ-де тұрса, екіншісінің егесі Түркия азаматы болып шықты. Олар Ресей мұнайын бекітілген биік мөлшерден жоғары баға – баррелін 60 доллардан сатып алып келген.