БҰҰ Бас ассамблеясы Газадағы соғысты тоқтату жөнінде қарар қабылдады
БРЮССЕЛЬ. 28 қазан. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Газадағы соғысты тоқтатуды тапсырды. Бірақ Израиль оны тыңдайын деп отырған жоқ. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Израиль халықаралық ең үлкен ұйымның қарарын мысқылдай әрі ашу-ызамен қарсы алып, ХАМАС-ты толық жойып жіберуге уәде етті.
БҰҰ-ның Бас ассамблеясы араб елдері атынан Иордания ұсынған Палестина – Израиль жанжал аймағындағы соғысты жедел тоқтату жөніндегі қарарды қабылдады.
Қарар бойынша дауыс берген 193 елдің 120-сы оны қолдады. Бұлардың арасында Қытай, Франция, Испания, Бельгия, Швейцария, Португалия, Норвегия, Ирландия, Словения, Черногория, Мальта, Гренада, Андорра, Монако, Бразилия, Аргентина, Түркия, Иран, Египет, Сауд Арабиясы, Иордания, Алжир, Марокко, Сирия, Ливан, Йемен, Кувейт, Катар, Оман, Судан, Ресей, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Жаңа Зеландия, Вьетнам, Индонезия, Таиланд, Моңғолия, Ауғанстан, Пәкстан, Шри-Ланка, Непал, Багам аралдары, Комор аралдары, Бахрейн, Барбадос, Белиз, Ботсвана, Бутан, Бруней, Орталық Африка республикасы, Чад, Гана, Гамбия, Габон, Гвинея, Гвинея-Бисау, Зимбабве, Кения, Конго, Конго ДР, Намибия, Нигер, Нигерия, Мали, Мозамбик, Лесото, Сенегал, Сомали, Сьеерра-Леоне, Уганда, Эритерия, Мексика, Колумбия, Гуам, Куба, Перу, Чили, Боливия, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Суринам, Доминикан, Джибути, Эквадор секілді елдер бар
Сонымен бірге 14 ел қарардың қабылдануына қарсы шықты. Оларды Израиль, АҚШ, Аустрия, Венгрия, Хорватия, Чехия, Парагвай, Гватемала, Науру, Маршалл аралдары, Микронезия, Папуа – Жаңа Гвинея, Тонго, Фиджи секілді дәулеттер құрады. Тағы 45 ел қалыс қалды. Бұларды Германия, Ұлыбритания, Канада, Нидерланд, Үндістан, Жапония, Корея, Украина, Ирак, Финляндия, Швеция, Болгария, Грузия, Латвия, Эстония, Камерун сынды көптеген мемлекеттер түзді.
Сол сияқты Венесуэла, Камбоджа, Түрікменстан, Бурунди, Либерия, Руанда, Бенин, Буркина-Фасо, Сейшель аралдары сияқты оншақты мемлекеттің өкілі дауыс беруге қатысқан жоқ.
Қарарда Таяу Шығыстағы бұл жолғы соғысты бастап берген ХАМАС-тың аты аталмайды. Осыған байланысты Канада құжатқа өзгеріс енгізуді ұсынып еді, оны 88 ел қолдағанымен, 55 ел қарсы шықты. Сөйтіп, өзгеріс енбей қалды.