Ердоған Израильді «соғыс қылмыскері» деп атап, Батысты соғыспен қорқытты
ЫСТАНБҰЛ. 28 қазан. Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Израиль мемлекетін «соғыс қылмыскері» деп жариялауға уәде беріп, Батыс елдеріне соғыс ашатын болып доқ көрсетті. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Түрік лидері Ыстанбұлдың «Ататүрік» әуежайында Израиль әскерлерінің бейбіт палестиналықтарды қырып жатқандарына қарсы өткізілген митингіде сөйлеген сөзінде осыны жеткізді. «Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісе түсуіне Батыс кінәлі, ал Израиль – Палестина территориясын басып алған «соғыс қылмыскері» және «оккупант», – деді Реджеп Тайип Ердоған
«Батыс әлемі Газадағы ешқандай жазығы жоқ адамдарды, әйелдер мен балаларды жаппай өлтірушілікті заңдастырып алуға өздерінің барлық саясаткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарын жұмылдыруда. Израиль 22 күннен бері ашықтан ашық соғыс қылмысын жасап келеді. Израиль, біз қазір сені әлемге соғыс қылмыскері деп ұсыну жолында жұмыс жасап жатырмыз», – деді ол сосын (Anadolu агенттігінің дейектемесі).
Түркия президенті Израильдің нағыз басқыншы ел екеніне тоқтала келіп, «бұдан 100 жыл ғана бұрын Газаның түріктікі» болғанын атап өтті.
«Кейбіреулер Газаны түріктер үшін ешқандай мәні жоқ жер дегенді ашықтан-ашық айтып жүр. Бірақ ол тіпті де олай емес, бұдан жүз жыл уақыт бұрын Газа тура бүгінгі Адана [Түркияның оңтүстігіндегі қала] секілді бездің еліміздің аумағы болатын», – деп нығарлай түсті түрік лидері.
Ердоған сондай-ақ Газа секторы мәселесі жөніндегі саясатына байланысты Батыс елдеріне қарсы соғыс ашуға дайын екенін білдірді. «Эй, Батыс! Мен саған айтып тұрмын. Сен не, тағы да әжі (крест) мен жарты ай арасында соғыс өрті тұтанып кеткенін қалайсың ба? Егер сен осыны істесең, есіңде болсын: халық [түріктер] әлі өлген жоқ. Біз толық тұрқымызда тұрмыз. Біз Ливиядағыдай, Қарабақтағыдай батыл шешіммен Таяу Шығыста да әрекет жасай аламыз», – деп атап өтті ол.
Ердоған мұнымен қатар Батыстың екіжүзділігін сынға алды. Оның айтуынша, «кеше Украинадағы ұрыс қимылдарында қаза тапқан бейбіт тұрғындар үшін көз жастарын көл еткендер бүгін Газа секторындағы жазықсыз мыңдаған баланың қазасына үнсіз қарап қойып отыр».
Түркия президенті қазір Газа секторында болып жатқан жағдайларды «қанды қасап» деп атап, мұның «ең үлкен жауапкершілігі» Батыстың мойнына жүктелетінін мәлімдеді.
Ердоғаннан бұл мәлімдемесінен кейін Израиль өзінің Түркиядағы елшілерін бірден кері шақыртып алды.