Кубада Украинада РФ жағында соғысуға адам жинаған 17 делдал ұсталды
ГАВАНА. 9 қыркүйек. Кубада Украинадағы соғысқа адам тартумен айналысқан 17 адам тұтқынға алынды. Бұл туралы РБК дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Күдіктілерге өмір бойы түрмеде отыру немесе өлім жазасы қаупі төніп тұр. Куба билігі қыркүйектің басында Украинадағы соғыс жанжалына Бостандық аралы азаматтарын алдап апару үшін құрылған желіні анықтап, ашқандарын мәлімдеген болатын.
«Кубада ел тұрғындарын Украинадағы ұрыс қимылдарына қатысу үшін жалданушыларды тартуға қатыстары бар 17 күдікті қамауға алында», – деп жазды Reuters.
Куба билігі бұдан бұрын аралда да, Ресейде де өз елінің азаматтарын соғысқа қатысуға шақыратын желілерді «бейтараптандыру» мен «қирату» тарапында жұмыс жүріп жатқанын хабарлаған болатын.
«Нәтижесінде қазіргі мезеттн 17 адам қолға түсіп отыр, олардың арасында елдің ішінде осы әрекеттін ұйымдастырушының өзі де бар», – деді Куба ішкі істер министрі Сезар Родригес.
Әзірге күдіктілердің аты-жөндері айтылып отырған жоқ. Бірақ министр топ басшысының кубалықтарды Ресейдің атынан Украинадағы соғысқа қатысуға тартуда аралда тұратын екі адамға үміт артқанын атап өтті.
Прокурор Хосе Луис Рейес күдіктілерді өздеріне таңылып отырған адам саудасы мен жалдамалы ретінде ұрыс қимылдарына қатысудан бастап, шетел мемлекетіне қарсы жаулық әрекеттеріне дейінгі қылмыстарының ауырлығына қарай 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылу, өмір бойы түрмеде отыру немесе өлім жазалары күтіп тұрғанын баяндады.
Гавана өзінің жалдамалы кісі өлтіруге қатысты берік позиция ұстанып отырғанын және бұл мәселе бойынша БҰҰ-ға бірнеше рет инициатива білдіргенін мәлімдеді.