26 Тамыз, 02:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

FT: Ким Чен Ын Ресейге оқ-дәрі сату жөнінде келісім жасасу үшін барады

9 Қыркүйек 2023 19:36
- Жаңалықтар, Тіршілік
FT: Ким Чен Ын Ресейге оқ-дәрі сату жөнінде келісім жасасу үшін барады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПХЕНЬЯН. 9 қыркүйек. КХДР лидері Ким Чен Ын жақында болатын кездесулері кезінде Владимир Путинмен арада қару-жарақ пен оқ-дәрі сату жөнінде келісім жасасуға дайын отыр. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путиннің арасында Владивостокта таяуда өтетін кездесудің ең басты тақырыбы милитаристік басқыншы елдің өзінің шығыстағы әріптесінен оқ-дәрілер сатып алуы болмақ.

Financial Times атап көрсеткендей, дегенмен, әзірге бұл жолғы келісімнің ұңғыл-шұңғылы толық белгілі болып отырған жоқ.

Басылымның пайымынша, Пхеньян Мәскеуге оқ-дәрілер, ракета кешендері мен қысқа қашықьықтағы баллистикалық ракеталар ұсынуы мүмкін – олардың бәрі Кремльге Украина сарбаздарының қарсы шабуылына тойтарыс беруге көмектесер еді. РФ бұған жауап не алғыс ретінде КХДР-ға астық, мұнай мен валюта беруі ықтимал. Ресей сондай-ақ әріптесіне «сезімталдығы жоғары әскери технология» ұсынып қалуы да ғажап емес. Бұл Солтүстік Кореяның Оңтүстік Корея және Жапония сияқты «дұшпан» көршілеріне қоқан-лоққы жасауы үшін қажет.

The New York Times газеті Ким Чен Ынның қыркүйек айында Ресейге келгелі жатқанын жазды. Бәлки, ол сондай-ақ Мәскеуге де келіп кетуі мүмкін. Бірақ бұл ақпар әлі расталған жоқ.

Ақ үйдегілер 29 тамыз күні Владимир Путин мен Ким Чен Ынның арасында хат жазысу орын алғанын баяндады. Онда Ресейдің қару сұрап отырғанына болжам жасалды.

Дүйсенбі, 4 қыркүйек күні The Korea Times басылымы Оңтүстік Корея ұлттық барлау қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, Ресей қорғаныс министрлігінің басшысы Сергей Шойгудың Ким Чен Ын жолдасқа бірлескен әскери жаттығу өткізуді ұсынғанын атап өтті. Ал Солтүстік Корея өзі құрылған уақыттан бері бірде-бір рет басқа елдің әскери құрамаларымен бірге жаттығу өткізіп көрмеген екен.

Биылғы шілде айында сол Шойгу Пхеньянға арнайы барып қайтқан болатын.

Таңбалар: Ким Чен Ынқару-жарақРесей

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist