25 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пашинян Ресейге қауіпсіздік саласындағы тәуелділік қателік болғанын айтты

4 Қыркүйек 2023 23:24
- Жаңалықтар, Жаһан
Пашинян Ресейге қауіпсіздік саласындағы тәуелділік қателік болғанын айтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЕРЕВАН. 4 қыркүйек. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның Ресейге қауіпсіздік саласында тәуелді болуы «стратегиялық қателік» болғанын мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Ресей барған сайын Оңтүстік Кавказдан алыстап барады, Армения өз қауіпсіздігінің архитектурасын құруда тек соған ғана үміт артып отыра бермеуі керек еді», – деді Пашинян француздың La Repubblica газетіне берген сұхбатында. Республика билігі осы кезде өзінің сол «стратегиялық қателігінің» зардабын қатты шегіп отыр, енді өз елін қорғау үшін стратегиясын «әртараптандыруға» талпынып жатыр. «Бүгінде Ресейдің өзі қару-жарақ пен оқ-дәріге қатты зәру болып отырған кезде оның тіпті қанша қалап тұрса да, Арменияның қауіпсіздік саласындағы талап-тілектерін қамтамасыз ете алмайтыны айтпаса да түсінікті», – деді Пашинян Мәскеудің Украинада басқыншылық соғыс жүргізіп жатқанын ишара ете отырып.

Армения премьер-министрі Ресейдің Қарабақтағы бітімгер контингентін өз міндетін дұрыс орындамайды, соның ішінде 2020 жылы ұрыс қимылдары тоқтағаннан кейін қол қойылған Мәскеу, Ереван және Баку арасындағы үш жақты келісімде атап көрсетілгеніне қарамастан, аталмыш өңірді Армениямен жалғастырып отырған жалғыз жол – Лашын дәлізіне бақылау жасай алмай отыр деп айыптады. «Неге? Мұның екі себебі болуы мүмкін: не бұған Ресей Федерациясының шамасы жетпейді, не Лашын дәлізіне бақылау жасағысы келмейді. Мұның екеуі де оңып тұрған жоқ», – деді ол.

Пашинян сондай-ақ Мәскеудің «батыс мемлекеттері Арменияны бізге қарсы айдап салып отыр» деген сандыраған қайтарып тастады. Кремльдің ойынша, олар Ресейді Оңтүстік Кавказдан ығыстырып шығаруға құштар екен-міс. Ал армян басшысы бұған «Ресей өзінің осы кезге дейін мұнда атқарған және атқара алмаған әрекеттері негізінде өңірден өзі кетеді» деген түсіндірме берді.

Таңбалар: ҚарабақНикол ПашинянРесей

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist