5 Қыркүйек, 16:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада биыл 1-сыныпқа 17 мыңнан аса бүлдіршін қабылданды

29 Тамыз 2023 20:21
- Жаңалықтар, Қайнар
Қызылордада биыл 1-сыныпқа 17 мыңнан аса бүлдіршін қабылданды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 29 тамыз. Биылғы 2023/2024 оқу жылында Қызылорда облысында 17 мыңнан астам бүлдіршін бірінші сыныптың табалдырығынан аттайды. Бұл туралы облыстық қоғамдық даму басқармасының дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Қызылорда облысында 319 мектеп бар болса, оның – 295-і мемлекеттік, ал 24 мектеп – жеке меншіктегі білім ұйымы. Осыған орай, жаңа оқу жылында аталмыш мектептерде 180 мыңнан астам оқушы білім алады. Ал 17 543 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын болады. Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында осындай мәліметті алға тартты.

«Мемлекет басшысының зор қамқорлығының нәтижесінде өңірімізде сапалы білім ұйымдарының саны едәуір артып келеді. Сондай-ақ, аймақ басшысының тікелей қолдауының арқасында биыл «Білімді қолдау қоры» есебінен Қызылордада қаласында физика-математика бағытындағы мектеп-интернаттың құрылысы басталды. Бұл жобаның жалпы құны – 7,9 млрд теңге. Сондай-ақ, қаламыздың сол жақ жағалауында «ҚазГерМұнай» компаниясының қаржылай қолдауымен 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы салынады. Бұл жағымды жаңалықтар білім саласына зор серпіліс беретіні анық. Өздеріңіз білетіндей, жылдан-жылға қаладағы мектептерде бала саны көбейіп келеді. Тиісінше, мектептердегі орын тапшылығы айтарлықтай сезілуде. Бұл өзекті мәселені шешу мақсатында облыс орталығындағы 1 850 балаға арналған 4 мектептің жанынан қосымша ғимарат салынуда. Бұл нысандар жаңа оқу жылында балаларды қабылдайтын болады. Бұдан бөлек, мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін соңғы үлгідегі бейнекамералар алуға жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Сонымен қатар, облыстағы білім ұйымдары оқулық және оқу-әдістемелік құралдармен 100 пайыз қамтылады», – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары балаларды әлеуметтік қолдау бағытына да ерекше тоқталып өтті. Айтуынша, биыл алғаш рет 1-4 сыныптарда оқитын 70 мыңнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бұған жергілікті бюджеттен 5,5 млрд.теңге қаралды. Ал 5-11 сыныпта оқитын әлеуметтік көмекті қажет ететін 17 мыңға жуық оқушының ыстық тамағына 3,3 млрд теңге бөлінді. Одан бөлек, әлеуметтік жағдайы төмен 37 087 баланы бір реттік қаржылай көмекпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге қаралды. Әртүрлі себептермен қаржылай көмекке ілінбей қалған оқушыларға демеушілер тарапынан көмек көрсетілуде. Бүгінде 7 421 балаға қажетті құралдар мен мектеп формалары тапсырылды. Сондай-ақ, жаңа үлгідегі 30 автобус шалғайдан қатынайтын оқушылардың игілігіне қызмет етеді.

Таңбалар: бірінші сыныпҚызылорда облысыМейрамбек Шермағанбет

Ұқсас мақалалар

«Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті
Аймақ

«Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

04.09.2026
Бүгін елімізде 380 мыңнан аса бүлдіршін мектептің бірінші сыныбына барды
Жаңалықтар

Бүгін елімізде 380 мыңнан аса бүлдіршін мектептің бірінші сыныбына барды

01.09.2026
Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдау өткізді
Әлеумет

Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдау өткізді

26.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist