18 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресейде Путиннің талабы бойынша соңғы 50 жылғы тарих қайта жазылды

8 Тамыз 2023 15:14
- Жаңалықтар, Қайнар
Ресейде Путиннің талабы бойынша соңғы 50 жылғы тарих қайта жазылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 8 тамыз. Ресей диктаторы Владимир Путиннің талап етуі бойынша РФ-да соңғы 50 жылдың тарихы қайта жазылып шықты. Бұл туралы «Интерфакс» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Демек, орыс-кеңес-ресей тарихы үшінші мәрте бұрмаланып, қайта жазылып отыр. Дәуір жылнамасы бұған дейін Екатерина Екіншінің, Сталиннің билігі тұсында екі рет өтірік тарих жазылып шыққанынан хабардар еді, енді бұлардың қатарына Путиннің кезіндегі жойдасыз жалған деректер қосылып тұр.

«Ол – орта мектептің 10-11 сыныптарының соңғы 50 жылдың оқиғаларына қатысты бөлімдері «толық қайта жасалған» мазмұндағы бір текті тарих оқулығы», – деді Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский.

«70-ші, 80-ші, 90-шы, «нөлдік» [2000-шы] жылдар туралы түбірінен қайта жазылып шықты», – деді ол. Мұнымен қатар, бұл оқулыққа 2014 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықты қамтитын тағы бір тарау қосылған. Былайша айтқанда, Қырымның аннексиясынан бастап Украинаға кең ауқыммен басып кіруден тұратын агрессиялық соғыс жаңа тарихта толық суреттеледі. Әлбетте, бәрі РФ диктаторының кейінгі кездері әр жиында айтып жүрген сандырақтары тұрғысынан сөз етіледі.

Мединский осыған орай «авторлар бұл оқиғалардың бәрін түгел өз қолдарымен жазып берді», – деді.

РБК сол оқулықтан фото жариялады. Ондағы «Украинамен соғыс» деген 17-ші параграфта «Украина – неонацистік мемлекет», «АСО және Ресей қоғамы» және «Ресей – батырлар елі» деген тараулар бар.

Оқулық, атап айтқанда, оқушыларға «Украинаның ультраұлттық мемлекет» екені, онда «бөгде ойдың адамдары қуғынға ұшырайтыны», «оппозицияға тыйым салынатыны», ал «барлық орыстардың жау саналатыны» сөз етіледі. Оқулықта сондай-ақ АҚШ «соңғы украин қалғанша соғысқалы отыр», ал Батыс «Ресейдің 300 млрд-тан аса активін «ұрлап алды» деген сияқты жолдар бар.

Мединскийдің өзі Украинаға қатысты оқиғалардың бәрін өзі жазып шыққанын мақтанышпен жеткізді. Ол мұнда цифрлар мен нақты оқиғалардан гөрі куәлардың сөздеріне көбірек жүгінгенін білдірді.

Бір сөзбен айтқанда, РФ диктаторы өз елінде істеп отырғандарының бәрін Украинаға апарып жапсыра салыпты. Бұдан өткен аярлық пен алаяқтық, екіжүзділік пен ұятсыздық, өтірікшілік пен суайттық, оңбағандық пен жексұрындық болар ма!

Оқулықтар биылғы 1 қыркүйектен бастап 10-11 сынып оқушыларына оқытыла бастайды.

Тарихқа тағы бір фейк келіп қосылды.

Таңбалар: Владимир МединскийоқулықРесейтарих

Ұқсас мақалалар

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр
Әлеумет

ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр

06.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist