Бейжің Мәскеуден қытайлықтарды шекарада неге тергегенін қатаң сұрады
БЕЙЖІҢ. 5 тамыз. Қытайдың Мәскеудегі елшісі РФ-ға кірер шекарада қытайлық азаматтарға қатқылдық көрсеткен ресейлік билікке наразылық білдірді. Бұл туралы Бұл туралыThe Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Елшілік Қазақстан мен Ресей шекарасында өз елінің бес азаматын ресейлік шекарашылардың 29 шілде күні «төрт сағат бойы тергеудің астына алғанын» баяндады. Ақырында олардың елге кіруіне жол берілмеген, ал туристік рұқсаттары жойылып жіберілген.
Елшілік өз наразылығын Ресей сыртқы істер министрлігіне, қауіпсіздік федералды қызметіне және федералды шекара қызметіне білдірген. «Бұл Қытай мен Ресей арасындағы жалпы достық байланысына және екі ел арасындағы достық халықаралық алмасу дәстүріне қарама-қайшы келеді», – деді оқиғаға орай дипломаттар.
Қытай елшілігінің мәлімдемесінде әдетте олардың батыс елдеріне білдіретін наразылығына тән салқындық бар.
«Ресей болған оқиғада шекарашылардың неге бұлай шектен тыс әрекет жасағандарына «қосымша тексеру жүргізуі тиіс», – делінген мәлімдеме соңында.
Елшілік Қытай блогері TikTok-тың қытайлық нұсқасы – Douyin әлеуметтік желісінде Қазақстан-Ресей шекарасында болған оқиғаны суреттеген видеосы жарияланғасын бірнеше күннен кейін мәлімдеме жасады. «Қазір біз Ресей мен Қытай арасындағы кең де терең достықтың сипатын тереңінен түсіндік», – деп атап көрсетті блогер.