Украина әскерлері Путин армиясының майдандағы бірінші шебін бұзып өтті
КИЕВ. 5 тамыз. Украина Қарулы күштері РФ армиясының майдан даласындағы қорғанысының бірінші желісін күйрете қиратып, алға кетті. Бұл туралы «Диалог. ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«УҚК оңтүстіктегі жекелеген учаскелерді ресейлік оккупанттардың бірінші қорғаныс сызығын бұзып өтті», – делінген хабарламада.
Украина Қорғаныс күштері Мелитополь және Бердянск бағыттарындағы шабуыл операцияларын жалғастырып жатыр. Украинаның оңтүстігіне бар күштерін шоғырландырып алған Ресей басқыншылары жанталаса қарсылық көрсетуде: жау өзі артта қалдырған барлық территорияны миналап тастағаннан бөлек, десантты ұстап тұру үшін бетон қабырғалар тұрғызуда. Әлбетте, мұндай кедергілер шабуыл қарқынын тежейді, алайда нөпір күшті әсте тоқтата алмайды.
«Біздің әскерлеріміз оңтүстіктің кейбір жерлерінде дұшпан қорғанысының бірінші шебінен өтті», – деді Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр.
Бұдан бұрын украин бөлімшелерінің оккупанттарды Бердянск бағытындағы майдан шебінің бірнеше жерінде қысымға алып жатқаны белгілі болған еді. Бұған қоса, украин әскерлерінің кей шептерде 50 шақырымға дейін ілгерілеп кеткендері жазылды.