Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Шиелі ауданында жұртты тұрғын үймен қамту тұрақты жолға қойылған

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 тамыз. Қызылорда облысының Шиелі ауданында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету тұрақты түрде жолға қойыла бастады. Бұл туралы облыстық қоғамдық даму басқармасының дерегін сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ауданда қазір жұртты тұрғын үймен қамтамасыз ету маңызды әлеуметтік мәселелер қатарынан саналады. Мұнда үй кезегінде 1800-ге жуық адам тұр. Сондықтан ауданда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Мұның жайын Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов бүгін жарты жылдықтың қорытындысынна арналған брифингте баяндады.

«Биылғы мамыр айында көп балалы отбасыларға 20 тұрғын үйдің кілті тапсырылған еді.  «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 833,2 млн теңге қаржы бөлінген. «Көкшоқы» шағын ауданында 72 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталып,  жақын арада пайдалануға беріледі. Пәтерлер комиссия шешімімен заң аясында барлық санатқа бөлінеді», – деді аудан әкімі.

Аудан бамшысының айтуынша, сонымен қатар, республикалық бюджеттен 480 млн теңге қаржы қаралып, 50 тұрғын үй құрылысы басталған. Жыл соңында бұл үйлер де халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына берілетін болады.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button