ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Саудия Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөзді Ресейсіз өткізеді

ЭР-РИЯД. 30 шілде. Сауд Арабиясы тамыз айында Ресейдің қатысуынсыз Украинадағы ахуалды ретке келтіруге арналған келіссөздер ұйымдастырғалы отыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

The Wall Street Journal (WSJ) басылымының дерегіне қарағанда, бұл келіссөздерге батыс елдерінің, Украинаның, сондай-ақ Үндістан мен Бразилия бастаған бірқатар дамушы ірі елдердің өкілдері шақырылылады.

Келіссөздер 5 және 6 тамыз күндері Джидда қаласында өткізіледі. Олар Украинаның бейбіт талаптарына халықаралық деңгейде қолдау көрсетуге, сондай-ақ Мәскеу мен Киев арасындағы келешекте жүргізілетін келіссөздерге негіз қалауға бағытталады.

Келіссөздерге жалпы саны 30 елдің өкілдері келтіріледі. Олардың арасында Индонезия, Мысыр, Мексика, Чили және Замбия мемлекеттері де бар. Мұндай шақыру Ресейге жіберілмейді.

Еуропа одағы, Ұлыбритания, Польша және Оңтүстік Африка өздерінің келіссөзге қатысатындарын растады. Сол сияқты, іс-шараға АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан келеді деп күтіліп отыр.

Украинадағы дағдарысты реттеу мәселесінде Саудия Арабиясынан басқа сондай-ақ Түркия мен бірнеше Африка мемлекеті ара ағайындық міндетті атқаруға әрекет етіп келеді.

Суретте: Украина президенті Володимир Зеленский мен Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі, ханзада Фейсал ибн Фархан Аль Сауд

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button