Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Қызылорда облысының жасөспірім палуандары республикада екінші болды

АСТАНА. 17 шілде. Астана қаласында мәреге жеткен еліміздің жасөспірімдер арасындағы белбеу күресі чемпионатында Қызылорда облысының палуандары командалық есепте екінші орын алды. Бұл туралы kzvesti.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Астанада кеше Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдары туған жасөспірімдері арасында белбеу күресі бойынша чемпионаты аяқталды. Онда 21 медаль жеңіп алған Қызылорда облысының құрамасы жалпы командалық бейресми есепте екінші орынға шықты.

Чемпионатта қызылордалықтар сапынан Нұржігіт Әлмағанбетов, Мұратхан Төлеген, Наурызбай Сәдібеков, Сәния Аманжолова және Аружан Әлмағанбетова тұғырдың ең биік чемпиондық сатысына көтеріліп, алтын медальге қол жеткізді.

Жансая НҰРҚОЖА

.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button