17 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысында кәсіпкерлерге кең қолдау көрсетіле бастады

14 Шілде 2023 19:01
- Дәулет, Жаңалықтар
Қызылорда облысында кәсіпкерлерге кең қолдау көрсетіле бастады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 14 шілде. Қызылорда облысында кәсіпкерлерге қолдау көрсету жыл озған сайып артып келеді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аймақта шағын және орта кәсіпкерлердің саны 37,5 пайызға ұлғайып, 72 685 бірлікке жеткен. Жалпы, осы секторда жұмыспен қамтылғандардың саны 18 пайызға артты. Қазіргі таңда экономикадағы барлық жұмыспен қамтылғандардың шамамен 35 пайызы шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Азамат Каюпов мәлімдеді.

Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба жүзеге асырылып,ауыл тұрғындары мен жастардың кәсіпкерлік бастамаларын жеңілдікпен несиелендіру жұмыстары басталды.

«Облыста кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оны дамыту бағытында жұмыстар жүйелі атқарылуда. Мәселен, биыл кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден шамамен 23 млрд. теңгеге жуық қаржы қарастырылып, жыл басынан бері 2 мыңға жуық жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. Одан бөлек, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында бизнестің жалпы несие портфелі 12,9 млрд. теңгені құрайтын 484 жобасы субсидияланды. Қаржы ұйымдары арқылы шағын бизнестің 723 жобасы 9,3 млрд. теңгеге несиелендіріліп, жас кәсіпкерлердің 316 жобасын 2 млрд. теңге шамасында қаржыландыру мақұлданды. Мұнан өзге, 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мемлекеттік гранттар жұмыссыз азаматтардың 722 жобасына табысталды. Бұдан өзге, өңірде шағын өнеркәсіп парктерін құру қолға алынды. Ол үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге, ал жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге қаражат қарастырылуда», – деді Азамат Биғалиұлы.

Айта кететін жайт, кәсіпкерлік саласын мемлекеттік қолдаудан бөлек, салықтық ынталандыру шаралары да қоса атқарылуда. Биыл бөлшек сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлерге бөлшек салық режимін қолдану мүмкіндігі берілді. Режим қосымша құн салығы мен әлеуметтік салықтан босатуды, айналымнан 4 пайыз табыс салығын төлеуді қамтиды.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, Салық кодексіне сәйкес, облыста бұл 4 пайыздық мөлшерлеме жергілікті мәслихаттардың шешімдерімен 2 пайызға дейін төмендетілген.

Жансая НҰРҚОЖА

Таңбалар: Азамат ҚаюповкәсіпкерлікҚызылорда облысы

Ұқсас мақалалар

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті
Әлеумет

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

15.10.2026
Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері
Аймақ

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері

15.09.2026
Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері
Дәулет

Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері

15.09.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist