26 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысының әкімі Цзянсу провинциясында келіссөз жүргізді

10 Шілде 2023 23:08
- Дәулет, Жаңалықтар
Қызылорда облысының әкімі Цзянсу провинциясында келіссөз жүргізді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

НАНКИН. 10 шілде. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бүгін Қытайдың Цзянсу провинциясының губернаторымен өзара тиімді ынтымақтастық орнату жөнінде келісімге келді. Бұл туралы Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аймақ басшысы облыстың инвестициялық әлеуетін таныстыру барысында Цзянсу провинциясының губернаторымен келіссөздер жүргізген. Ол өңірлер арасындағы экономикалық, іскерлік байланыстарды кеңейту мен дамытуға бағытталды.

Нұрлыбек Нәлібаев кездесуде Сыр өңірінің агроөнеркәсіптік кешені, жеңіл өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, оның ішінде шыны, цемент, кальцийленген сода өндірісі, логистика, туризм, мұнай-газ секторы, энергетика секілді салалардағы инвестициялық мүмкіндіктері жайлы айтып берді. Ол өз сөзінде сондай-ақ, инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы әңгімелеп, қазіргі таңда көптеген халықаралық компаниялар өнеркәсіптік кәсіпорындарын оқшаулау алаңы ретінде Қызылорда облысын таңдайтынын атап өтті.

Облыс әкімі инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды және Меморандумдарға қол қоюға шақырды.

Еске салсақ, ҚР Үкіметі мемлекеттік қолдау ретінде инвестициялық келісім-шарт шеңберінде жеңілдіктердің ауқымды пакетін ұсынды. Олар — кедендік баждардан босату, мемлекеттік заттай гранттар, салық жеңілдіктері, инвестициялық субсидиялар. Сондықтан қолданыстағы заңнама шеңберінде мемлекет тарапынан жеңілдіктер мен қолдау шараларын алу сүйемелденеді.

Ауқымды және басым жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторларға барлық қолайлы жағдайлар жасалады.

Айта кетейік, Қызылорда облысы әкімінің бұл сапары барысы Қытайдың орталық телеарналарынан көрсетілуде.

Тағы бір айтатын нәрсе, Цзянсу Қытайдың аграрлық және индустриялық өнімдер шығаруда алдыңғы қатарда тұрған, экономикалық жағынан қарқынды дамыған, сондай-ақ тұрғындардың тұрмыстық деңгейі жоғары провинцияларының бірінен табылады.

 

Таңбалар: Қызылорда облысыНанкинЦзянсу

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Аймақ

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026
Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр
Аймақ

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр

07.08.2026
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті
Жаңалықтар

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті

05.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist