Эстония РФ-мен жасасқан мәдени құндылықтар жөніндегі шартты бұзады
ТАЛЛИНН. 30 маусым. Эстония билігі Ресей Федерациясымен 1998 жылы жасалған мәдени құндылықтарды сақтау жөніндегі шартты біржақты бұзатынын жариялады. Бұл туралы эстонның ERR телеарнасы ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Келісімшарттың әрекет ету мерзімі Эстония үкіметінің 29 маусым күнгі өкімімен тоқтатылды.
Екі ел үкіметтерінің мәдени құндылықтарды сақтау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімшартына 1998 жылғы 4 желтоқсанда қол қойылған еді. Эстония Ресейдің Украинаға жасап жатқан агрессиясына байланысты оны бұзуға шешім қабылдады.
Бұдан бөлек, үкімет отырысының күн тәртібінде атап өтілгендей, Эстония ЮНЕСКО-ның негізіне эстон-ресей келісімшарты жататын екі конвенциясына қосылады, сондықтан сол саланы қосымша келісімшартпен реттеп отырудың қажеттілігі болмай қалды.
Әңгіме осы беделді халықаралық ұйымның «Мәдени құндылықтарды заңсыз шығаруға және оның алдын алуға, оларды шығаруға және меншікке беру құқығына тыйым салуға бағытталған шаралар туралы» және «Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау туралы» конвенциялары хақында болып отыр.
Эстония мен Ресей арасындағы келісімшарт әр бес жыл сайын өзінен өзі жалғасып келді.