РФ қауіпсіздік комитеті Суровикиннен жауап алып, босатып жіберген
МӘСКЕУ. 30 маусым. РФ әуе-ғарыш күштерінің бас қолбасшысы және Ресей әскерлерінің Украинадағы біріккен тобы қолбасшысының орынбасары Сергей Суровикин тұтқындалып, тергеу сұрақтарына жауап бергеннен кейін кеше қапастан босатылған. Бұл туралы ресейлік ресурстар деректеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресейлік медиалардың бір тобы – «Важные истории», «Bloomberg», «Медиазона» осылай дейді. Дегенмен, «Важные истории» генерал Сергей Суровикиннің «Вагнер» тобының құрбашысы Евгений Пригожиннің бүлігіне қатысты деген айыппен қамалмағанын айтады, оны басқа мәселе бойынша тергеуге шақырған. Ал қалған екі таблоид өздерінің бас штаб пен ФСБ-ға жақын мәнбелерінің мәліметтеріне сүйеніп, Суровикиннің керісінше «Лефортово» түрмесінде отырып, қауіпсіздік комитетіне жауап бергенін баяндайды.
Сонымен қатар кейбір Z-каналдар 29 маусым күні Суровикиннің Дондағы Ростовта кеңесте болғанын жазды. Бірақ журналист Дмитрий Колезев жоққа шығарды. Оның ақпарынша, қорғаныс министрі Сергей Шойгу өзі секілді армия генералы Сергей Суровикинді мемлекетке сатқындық жасады деп айыптаған.
Американың «The Wall Street Journal» және «The New York Times» басылымдарының өз барлаулары мәліметтеріне сүйеніп жазуларынша, Пригожин өзінің бүлік жасағалы жатқанын алдын ала Суровикинге айтып, ескертіп қойған. Ал NYT мәнбелері Пригожин бүліктен кейін Суровикинмен достық қарым-қатынасы болуы арқасында ғана тірі қалған деген тұжырым білдіреді.