АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Түрікменстан Гурбангулыға туған күнінде Аркадаг шахерін «сыйлады»

АШГАБАТ. 29 маусым. Түрікменстан билігі бұрынғы президент Гурбангулы Бердымухамедовке туған күнінде қала, орден және медаль «тарту етті». Бұл туралы ТДХ ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Түрікменстанда 29 маусым күні Гурбангулы Бердымухамедовтің 66-шы туған күніне орай жаңа Аркадаг қаласының ашылу рәсімі болды. Туған күн иесі өзінің осы күн қарсаңында өмірдің мәні жайлы екінші кітабын жазып шығарды. Ол осы күні өзінің екінші аты – Аркадаг атауымен салынған шахерден бөлек, орден мен медаль алды.

«Аркадаг» түрікмен тілінде «қорғаушы», «жарылқаушы», «пана болушы» деген мағынаны білдіреді. Ол «арқаңды тауға тіреп қойғандай болып жүресің» деген ұғымнан алынған.

Түрікменстан дәулеттік хроникасы (ТДХ) хабарлағандай, Аркадаг шаһарының ашылу салтанатына туған күн иесінің ұлы – Түрікменстанның қазіргі президенті Сердар Бердымухамедов қатысты. Шара Түрікменстан президентінің Ахалтеке ат кешенінен қарайтын Акхан жылқысына қойылған ескерткіштің жанынан басталды.

Алайда, шараға Түрікменстан Халк маслахатының райысы, Аркадагтың өзі – Гурбангулы Бердымухамедов қатысқан жоқ. Ол бір күн бұрын Сауд Арабиясының Джидда қаласына ұшып кетті. Turkmen.news мәнбесінің хабарлауынша, экс-президент сол жақтан жұбайымен бірге Меккеге баратын көрінеді. Сол сияқты шара кезінде жүріп жатқан репоортажда оған әлдеқандай бір шетелдік меймандардың қатысып отырғандары айтылғанымен, олардың кімдер екендері нақтыланған жоқ.

Түрікмендердің өздері Аркадагты «Түрік әлеміндегі бірінші ақылды қала» деп жариялап жатыр. Ол осыған байланысты әлден 21 сертификат пен диплом алып үлгеріпті.

Аркадаг қаласының пайдалануға берілуімен бірге, 29 маусым күні осы аттас телеарна іске қосылып, газеттің алғашқы нөмірін жарыққа шығарылды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button