Пригожин Путин мен Ресей билігіне қарсы шықты – Британия барлауы
ЛОНДОН. 17 маусым. Бұған дейін РФ қорғаныс министрлігін талай мәрте сынға алып келген «Вагнер» тобының егесі Евгений Пригожин енді Владимир Путиннің өзіне қарсы шығып жатыр. Бұл туралы «Европейская правда» мәліметіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Басылым атап көрсеткендей, Ұлыбритания Қорғаныс комитетінің 15 маусымда Twitter-де жарияланған барлау шолуында осының жайы кеңінен баяндалады.
Ведомстводағылар РФ қорғаныс министрлігінің 10 маусымда «Вагнер тобы» сияқты «ерікті құрылымдардың» Ресей қорғаныс ведомствосымен міндетті түрде шартқа отырулары тиіс екендерін мәлімдеген болатын. 13 маусымда телевидениеде сөз сөйлеген Путин бұл қадамды тікелей қолдады.
Ведомстводағылар Пригожинннің әдетте РФ қорғаныс министрлігін сынағанда Путинге арқа сүйеп келгенін алға тартады.
Алайда Путиннің жоғарыдағы түсіндірмесінен кейін, 14 маусым күні Пригожин диктатордың өзіне қарсы шығатынын білдіріп, «Вагнер» жауынгерлерінің бірде-бірі тағы да «мазақ пен масқара жолымен» жүрмейтінін мәлімдеді. Сол себептен де ешқандай контрактіге қол қойылмайды.
«Пригожиннің көпірмесі Ресей истеблишментінің мейлінше кең ауқымына қарсы шыққандай болып көрінеді. 2023 жылғы 1 шілде – еріктілердің контрактіге қол қоюларының соңғы күні, бәлкім, ол текетірестің басталатын түйінді нүктесі болып қалатын шығар», – делінген хабарламада.